
Жоба алдында балаларға вирустан келетін қауіп-қатерді, одан қорғану тәсілдерін түсіндіру мақсаты тұр.
Balapan телеарнасында коронавирус қаупі мен онымен күресу жолдарын балаға ұғынықты тілде жеткізетін "Бетперделі батыр" анимациялық жобасы жарық көрді. Мультхикая жалпы 20 бөлімнен тұрады. Ол түрлі шытырман оқиғалар арқылы кішкентай көрермендерді тазалық сақтауға шақырып, карантин шараларының маңызын жеткізеді.
"Пандемия басталып, бүкіл әлем абдырап жатқан кезде Balapan өз алдына балаларға вирустан келетін қауіп-қатерді, одан қорғану тәсілдерін түсіндіру мақсатын қойды. Сол сәтте арнадағы мультфильм кейіпкерлерінің барлығына дерлік маска кигіздік. Тікелей эфирде коронавируспен күресудің жолдарын түсіндіретін "Сау болайық!" тележобасы эфирге шықты. Осыдан кейін барып, алдымызға супер қаһарман ойлап тапсақ деген жаңа міндет қойдық. Әлемдік тәжірибені және өз мүмкіндіктерімізді саралай келе, "Бетперделі батыр" атты жаңа қаһарманды ойлап таптық. Жас көрермендерімізге әлеуметтік жауапкершіліктің мәнін осылайша анимация арқылы түсіндіргіміз келді", – дейді Balapan телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай.
Оқи отырыңыз: Qazaqstan арнасында Marvel мен Disney көркем туындылары қазақ тілінде көрсетіледі
"Бетперделі батыр" бейнесі алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге, құтқарушылар мен тәртіп сақшыларына ұқсас ойластырылған.
Шытырман оқиғалы мультхикая Balapan арнасынан дүйсенбі-жұма күндері 19:20-да, ал сенбі-жексенбі күндері 21:35-те эфирге шығады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
261
-
1
-
7
-
-
2💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
232
-
0
-
2
-
-
3💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
233
-
1
-
5
-
-
4👨👩👦👦 Отбасының цифрлық картасы: Биыл 12 мыңнан астам азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілді
-
230
-
0
-
4
-
-
5🔫 Жамбылдық полицейлер көлігін “тапшанға” айналдырған шетелдік азаматты анықтады
-
236
-
0
-
5
-
-
6💐 Түркістан облысында елімізде сирек кездесетін перу лалагүлі өседі
-
286
-
0
-
5
-
-
7😱 "Таныстарын заңсыз жұмысқа алған". "ӨзенМұнайГаз" компаниясының бас директорының орынбасары ұсталды
-
318
-
0
-
4
-
-
8🌡 Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін аптап ыстық сақталады
-
313
-
2
-
5
-
-
9😱"Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталды
-
244
-
0
-
6
-
-
10🚆 Үндістанда бірнеше пойыз соқтығысып, үш жүзге жуық адам қаза тапты
-
239
-
0
-
0
-