Психологтың айтуынша, ата-анадан алған тәрбиені ешбір мектеп бере алмайды.
Балалар психологы Гүлмира Ғабитқызы Kursiv Media сайтына берген сұхбатында бала тәрбиесіне қатысты сұрақтарға жауап берді.
Психологтың айтуынша, баланың өтірік айта бастауына, ең алдымен жауапты адамдар – ата-анасы.
"Мысалы, ата-ана балаға қонаққа бара жатқанын айтпай, дәрігерге барамын деп жалған сөйлейді. Ол әрекеттің өтірік екенін түсінген бала, өтірік айтуды қалыпты жағдай деп ойлайды. Балада маған да өтірік айтуға болады деген ой қалыптасады. Сонымен қатар, бала қорыққанда да өтірік айтады Анам біліп қояды, ұрысады немесе ұрады деп ойлаған бала жалған сөйлейді. Сондықтан, баланың жалған сөйлемеуі үшін, барынша ашық және шынайы сөйлесу қажет. Ащы болса да, шындықты естуге дайын болуымыз керек. Ата-ана мейлінше мейірім таныту керек. Бала өтірік айтты екен деп, оны жазалауға болмайды", – деді психолог.
Оқи отырыңыз:
- Балалар мен жасөспірімдермен қалай оңай тіл табысуға болады? Психолог кеңесі
- Смартфон бала үшін неге ата-анадан да жақын? Психолог жауабы
Гүлмира Ғабитқызының айтуынша, баланы ұру мәселенің шешімі емес, ол тек жағдайды жылы жауып қою деген сөз. Керісінше, баланы ұрып-соғу оның психикасына кері әсерін тигізеді.
"Көптеген ата-ана "бізде таяқ жеп өстік, ештеңе етпейді" деп қатты қателеседі. Бұл өте дұрыс емес іс-әрекет. Баланы ұрған кездегі физикалық соққы емделіп кетуі мүмкін. Бірақ, жүректе қалған жара психологиялық тұрғыда ауытқушылық тудырады. Оның зардабы, өте жаман болуы мүмкін. Баланы таяқпен тәрбилеуге болмайды. Өзі жазаланған бала, өзі де жазалауға үйренеді. Атан-ананың әрбір іс әрекеті бала үшін өте маңызды. Өйткені, ата-анадан алған тәрбиені ешбір мектеп бере алмайды", – деді психолог.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-