Президенттің саяси реформалар бағдарламасының 10 бағыты қандай?

Бағдарламада президент өкілеттілігін шектеу, сайлау жүйесін өзгерту, саяси партияларды тіркеу процедурасын жеңілдету секілді іс-шаралар көзделген.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында саяси реформалар жөніндегі бағдарламасын таныстырды. Informburo.kz бағдарламаның негізгі тұстарын түсіндіреді.

№1. Жаңа саяси реформалардың тұжырымдамалық негіздері 

  • Суперпрезиденттік басқару формасынан Парламенті мықты Президенттік республика тәсіліне түбегейлі өту;
  • "Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" формуласын іс жүзінде орындау;
  • "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын дамытуға бағытталған саяси реформалардың 4 пакетінің лайықты жалғасы;
  • Реформалар жүйелі әрі кешенді түрде іске асады. Негізгі саяси институттардың барлығын қамтиды;
  • Реформаны жүзеге асыру барысында Конституцияның 30-дан астам бабына, 7 Конституциялық заңға және 15-тен аса заңға өзгеріс енгізу көзделеді;
  • Реформалар барлық деңгейдегі билік өкілдеріне де, қоғамға да жаңа моральдікэтикалық ұстаным ұсынады;
  • Президент бағдарламасында қоғам қайраткерлерінің, сарапшылардың, ҮЕҰ-дың пікірлері мен ұсыныстары ескерілді. ҰҚСК мүшелерімен және аймақтарда талқылаулар жүргізілді. Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңестің, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғарғы соттың ұсынымдары назарға алынды.

№2. Саяси реформалардың ерекшеліктері мен бағыттары

  • Президент өкілеттілігін шектеу;
  • Пропорционалды және мажоритарлы аралас сайлау жүйесін енгізу;
  • Парламентті қалыптастыру тәртібі мен функцияларын қайта жасақтау;
  • Мәслихаттардың рөлін күшейту;
  • Саяси партияларды тіркеу процедурасын жеңілдету. Партиялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейту;
  • Сайлау процессін жетілдіру;
  • Сот жүйесінің тәуелсіздігі мен ашықтығы;
  • Азаматтық қоғам институттары мен БАҚ өкілдерінің рөлін арттыру;
  • Азаматтардың негізгі құқықтарын қорғау.

№3. Президенттік өкілеттілікке шамадан тыс үстемдік беруден бас тарту

  • Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызмет және квазимемлекеттік сектор басшысы болуына тыйым салу;
  • Президент өзінің президенттік өкілеттілігін атқару кезінде саяси партияға мүшелігін тоқтатуы қажет;
  • Мемлекет басшысының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері актілерінің күшін жою немесе тоқтата тұру жөніндегі құзыретін алып тастау;
  • Президенттің аудан, қала, ауылдық округ әкімдерін қызметінен алу құқын жою;
  • Президенттің Сенаттағы квотасын 15-тен 10-ға қысқарту;
  • Президенттің Конституциялық сот төрағасын және Жоғарғы сот кеңесі төрағасын тағайындауы үшін Сенаттың келісімі міндетті;
  • Президент облыс және републикалық маңызы бар қала әкімдерін тағайындауға мәслихаттардың келісімін алуы үшін баламалы негізде кемінде екі үміткер ұсынады.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы: Суперпрезиденттік басқару нысанынан бас тартамыз


№4. Парламентті күшейту 

Сенат:

  • Президенттің Сенаттағы квотасын 15-тен 10-ға дейін қысқарту (олардың ішінде 5-і ҚХА-ның ұсынысы бойынша). Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасын Мәжілістен Сенатқа беру;
  • Сенат Мәжіліс қабылдаған заң жобаларын "қабылдамайды", керісінше "келіседі/келіспейді";
  • Президент Конституциялық сот төрағасын, Жоғарғы сот кеңесі төрағасын тағайындауы үшін Сенаттың келісімін алады.

Мәжіліс:

  • Мәжілісті 70/30 қатынасында (70% партиялық тізім бойынша, 30% бір мандатты округтер бойынша) аралас жүйемен (пропорционалды-мажоритарлық) қалыптастыру;
  • Мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттар үшін императивті мандат енгізу;
  • Мәжілістегі Қазақстан халқы ассамблеясының квотасын жою;
  • Есеп комитеті Жоғары Аудиторлық палата болып өзгереді. Палата төрағасы өз жұмысы жөнінде жылына екі рет Мәжілісте есеп береді.

№5. Саяси партияларды тіркеу процедурасын жеңілдету

  • Тіркеу шегін 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін төмендету;
  • Өңірлік өкілдіктердің ең аз санын 600-ден 200 адамға дейін азайту;
  • Партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз санын 1 мыңнан 700 адамға дейін қысқарту;
  • Филиалдарды құру мерзімін 6 айдан 1 жылға дейін ұлғайту;
  • Құрылтай съезін өткізу мерзімін 2 айдан 3 айға дейін ұзарту;
  • Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының, Конституциялық соттың төрағалары мен мүшелерінің партиядан міндетті түрде шығуы керек;
  • Әкімдер мен әкім орынбасарларының партия филиалдарында қызмет атқаруына заңнамалық тұрғыдан тыйым салу.

№6. Сайлау процессін жаңғырту 

  • Орталық сайлау комиссиясы мүшелері мен өкілдерінің партия қатарынан шығуы міндеттеледі;
  • Аймақтық сайлау комиссиясын тұрақты жұмыс істейтін, кәсіби мамандардан жасақтау қажет;
  • Бақылаушылардың қызметін Заң жүзінде реттеу;
  • Сайлаушылардың бірыңғай электронды базасын қалыптастыру;
  • Дауыс беру процессінің балама түрлерін кезең-кезеңімен кеңейту;
  • Жекелеген тұлғалардың ықпал етуін болдырмау мақсатында сайлау қорларына аударылатын қайырымдылықтың шекті көлемін белгілеу;
  • Сайлау процессіне шет елдердің араласуын болдырмау принципін күшейту.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда облыс әкімдерін тағайындау жүйесі өзгереді


№7. Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдары

  • Аудандық және қалалық мәслихаттардағы сайлаудың мажоритарлық жүйесін және барлық деңгейдегі облыстық мәслихаттардағы сайлаудың аралас жүйесін (пропорционалдымажоритарлық – 50/50) және императивті мандатты енгізу;
  • Мәслихат төрағасы қызметін енгізу Президент облыс әкімі қызметін тағайындауға мәслихаттардың келісімін алуы үшін баламалы негізде кемінде екі үміткер ұсынады;
  • Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экономикалық дербестігін нығайту;
  • Әкімдер мен әкім орынбасарларының партия филиалдарында қызмет атқаруына заңнамалық тұрғыдан тыйым салу;
  • Әкімдер орынбасарларының санына шектеу (үштен көп емес, ерекше жағдайларда – төрт).

№8. Сот және құқық қорғау жүйесін жетілдіру

  • Конституциялық кеңес Конституциялық сот болып өзгереді;
  • Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі мен қызметін Конституцияда жеке бап ретінде (прокуратураға ұқсас)
    регламенттеу. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Конституциялық Сотқа жүгіну құқығын беру;
  • Прокуратура, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заңдарға Конституциялық заңдар мәртебесін беру;
  • Жоғары Сот Кеңесі отырыстарын онлайн өткізу. Жоғары Сот Кеңесінің конкурс қорытындысы бойынша түсініктемелерін жариялау;
  • Алқабилер сотының қатысуымен өтетін істердің санатын кеңейту (Қазір өте ауыр істер ғана қаралады);
  • Бас прокуратураға азаптау туралы істердің айрықша тергеулігін белгілеу;
  • Конституциядан өлім жазасын жазалау түрі ретінде алып тастау.

№9. Азаматтардың негізгі құқықтарын қорғау

  • Конституциядан өлім жазасын жазалау түрі ретінде алып тастау;
  • Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі мен қызметін Конституцияда жеке бап ретінде (прокуратураға ұқсас) регламенттеу. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Конституциялық Сотқа жүгіну құқығын беру;
  • Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заңға Конституциялық заң мәртебе беру;
  • Бас прокуратураға азаптау туралы істердің айрықша тергеулігін белгілеу;
  • Отбасылық және тұрмыстық қатынастарда орын алатын құқық бұзушылықтарға қарсы тиімді іс-қимыл.

Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қапшағайға Қонаевтың есімін беру туралы ұсыныс болса, мен қолдаймын


№10. Азаматтық қоғам институттары мен БАҚ рөлін күшейту

  • Өңірлердегі қоғамдық кеңес өкілдерінің, партия басшыларының, Парламент депутаттарының, Азаматтық Альянс басшылығының, жұртшылық өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен жаңа "Ұлттық Құрылтай" институтын құру;
  • Сарапшылардың, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерінің қатысуымен барлық ұлттық жобалар мен стратегиялық құжаттарды қоғамдық талқылау өткізу;
  • Барлық коммерциялық емес ұйымдардың қаржылық есептілігінің, құрылтайшылар құрамының, мүлкінің, кірістері мен шығыстарының жариялылығын міндеттеу;
  • БАҚ туралы жаңа заң әзірлеу және қабылдау. Отандық БАҚтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының айрықша құзыреттерін қысқарту.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары