Жаңа ипотека: Қазақстандық отбасылардың цифрлық портреті жасалады

Ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 7 пайыздан аспайды.

Индустрия және инновациялық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет кулуарында тілшілер сауалдарына жауап беру кезінде Қазақстанда таяу уақытта іске қосылатын ипотекалық бағдарлама жайында айтты. 

Министрдің сөзінше, бұл ипотеканың ерекшелігі – үміткерлер санаттар бойынша бөлінбейді. Яғни, бұған дейінгі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары бойынша тұрмысы төмен, әлеуметтік ахуалы нашар азаматтар ғана пәтер ала алатын болса, енді отбасылардың цифрлық портреті жасалып соған қарай жеңілдіктер беріледі. Сәйкесінше, бағдарламаға жұмыс істеп, отбасы құрып жатқан азаматтар да қатыса алады. 

Ведомство басшысының айтуынша, бағдарлама әлі әзірлік сатысында. Яғни, әлі де өзгертулер мен толықтырулар болады. Дегенмен, министр ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 7 пайыздан аспайтынын айтып отыр. 

"Бағдарлама жақын күнде көпшілікке таныстырылады. Жоба заң аясында қарастырылып жатыр. Басты айтатын нәрсе, халыққа қолайлы пайыздық мөлшерлеме болуы керек. Яғни, оны 7 пайыздан аспайтын деңгейде белгілеуге тырысамыз", – деді Қайырбек Өскенбаев. 


Оқи отырыңыз: 


 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары