Ең төмен пайыз, ең ұзақ мерзімдер: мемлекеттік ипотекалардың толық тізімі

Тұрғын үй кезегіне kezekte.kz платформасы арқылы тұруға болады.

Қазақстанда мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй сатып алудың екі жолы бар:

  • Лизинг – өтеусіз және өтеумен;
  • Жеңілдетілген несиелеу (төмен пайызды ипотека).

Әрбір бағдарламаға қатысу үшін өтінім берушінің кірісі есептеледі. Ол күнкөрістің төменгі шегімен есептеледі (2022 жылы – 36 018 теңге).

Бағдарламалардың басым бөлігінде жеке баспананың болмауы және әкімдіктің үй кезегінде тұруы талап етіледі. Krisha.kz сайты әзірлеген шолуды қазақ тілінде ұсынамыз. 

Жалдамалы пәтер

№1. Әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға арналған

Көпбалалы және толық емес отбасылар, жетім балалар, мүгедек баласы бар отбасылар. Толық тізім мына жерде.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • әкімдік кезегінде тұру;
  • басында баспанасының болмауы;
  • конкурсқа қатысуға өтінім беру;
  • отбасындағы бір адамның табысы 1 күнкөріс шегінен (36 018 теңге) аспауы керек.

Сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерлер коммуналдық қордан беріледі. Бастапқы және қайталама тұрғын үй болуы мүмкін.

Ай сайынғы жалдау ақысы – 5 мың теңгеден 15 мың теңгеге дейін. Мұны әкімдік белгілейді. Коммуналды төлемдер мен үйді ұстап тұру шығындарын қосымша төлеу керек. 

Жалға алушы жалдау шартын әр бес жыл сайын созу арқылы пәтерде тұрақты тұра алады. Ол қайтыс болса баспана мұрагерлік жолмен отбасы мүшесіне беріледі. 

Бағдарлама Қазақстанның барлық аумағында қолданылады. 2022 жылы 3 000 жуық пәтер беру жоспарланған. Өтінім қабылдау туралы хабарламаны тұрғын үй басқармасы жариялайды. 

№2. Жұмыс істейтін жастарға арналған

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тұратын 29 жасқа толмаған азаматтар қатыса алады.

Талаптар:

  • соңғы екі жылда өтінім иесінің және оның жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының басында баспанасының болмауы (апатты жағдайдағы баспананы қоспағанда); 
  • қалада кемінде екі жыл тұрақты тіркеудің болуы;
  • аяқталған орта/орта арнаулы/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • ресми жұмысқа орналасу;
  • өтінім иесінің соңғы алты айдағы табысы 40 АЕК, яғни 122,5 мың теңгеден аспауы керек.

Өтінімдерді іріктегенде балдық жүйе қолданылады (отбасы, балалар, жұмыс және т.б.).

Жаңа баспана берілді. Ай сайынғы жалдау ақысы – 5 мың – 15 мың теңге. Жалдау мерзімінің ұзақтығы – 5 жыл. Содан кейін жалға алушы пәтерді қайтаруы керек.

Жыл сайын Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте 1 000 пәтер жалға беріледі. Бағдарлама 2025 жылға дейін жалғасады.

Өтінім қабылдау туралы келесі сайттардан білуге болады:

№3. Сатып алу құқығымен жалға алу ("Нұрлы жер")

Әкімдік кезегінделерге арналған: халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтары, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ішкі істер департаменті, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері. Бағдарлама операторы – "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" (ҚЖҚ) АҚ.

Тізімдер жылдан жылға өзгеріп отырады. Оларды тиісті министрліктер мен әкімдіктер аймақтың қажеттілігі мен баспананың болуына қарай жасайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • соңғы бес жылда басында баспанасының болмауы. Жатақханада бөлмесі болса, онда әр отбасы мүшесіне 15 шаршы метрден аз болуы керек;
  • әкімдік кезегінде тұру;
  • ҚЖҚ ішкі құжаттарына сәйкес төлем қабілеттілігін растау.

1 шаршы метрді жалға алу құны:

  • Алматы, Нұр-Сұлтанда және олардың айналасында, Шымкент, Атырау, Ақтауда – 1 455 теңге;
  • облыстарда – 1 232 теңге.

Тұрғын үйді ұстауға арналған коммуналдық және басқа да шығындар қосымша төленеді.

Шарттары:

  • пәтерлер бастапқы нарықтан;
  • бастапқы жарнасыз;
  • мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен 20 жылға беріледі.

Өтініш мақұлданса жалдау шарты бойынша тұрғын үй құнының 1% мөлшерінде бір реттік төлем жасау қажет.

Өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру тұрғын үй басқармасының сайтында жарияланады.

Нұр-Сұлтанда 858 пәтер беру жоспарланған. Өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру zhilfond.kz сайтында жарияланады.


Оқи отырыңыз: Мемлекеттен жалға алынатын тұрғын үй ақысын төлеуге субсидияны қалай алуға болады?


Жеңілдетілген несие

"Бақытты отбасы", "Шаңырақ" және "Нұрлы жер" бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін 1,5 миллион теңгеге дейінгі сомаға тұрғын үй сертификатымен төлеуге болады.

№1. "Бақытты отбасы" бағдарламасы

Көпбалалы және толық емес, мүгедек баласы бар отбасыларға арналған.

Талаптары:

  • кезекте тұру;
  • басында баспанасының болмауы;
  • "Отбасы банкінде" депозит ашу;
  • отбасындағы бір адамның айлық табысы 3,1 күнкөріс шегінен (111,6  мың тг) аспауы керек. Екі қосалқы қарыз алушыны тартуға болады.

Шарттары:

  • мөлшерлеме – 2%;
  • бастапқы жарна – 10%-дан бастап;
  • мерзімі – 20 жылға дейін.

Несиенің ең жоғарғы сомасы:

  • Нұр-Сұлтан, Алматы және айналасында, Шымкент, Ақтау, Атырауда – 15 миллион теңгеге дейін;
  • басқа аймақтарда – 10 млн теңгеге дейін.

Пәтерді кезекке тұрған өңірден бастапқы, қайталама нарықтан немесе жеке үйді сатып алуға болады.

Өтінім "Отбасы банк" сайтында қабылданады. Құжаттар қабылдау 1-29 сәуірге жоспарланған. Биыл бұл бағдарлама бойынша барлығы 5,1 мың қарыз беріледі.

№2. "Шаңырақ" бағдарламасы

Әкімдік кезегіндегі барлық адамға арналған.

Талаптары:

  • басында баспанасының болмауы;
  • үй кезегінде тұру;
  • "Отбасы банкінде" депозит ашу;
  • отбасындағы бір адамның айлық табысы 3.7 күнкөріс шегінен (133,2 мың тг) аспауы керек. Екі қосалқы қарыз алушыны тартуға болады.

Несие шарттары:

  • мөлшерлеме – 5%;
  • бастапқы жарна – 10%-дан бастап;
  • несие мерзімі – 20 жылға дейін;
  • Нұр-Сұлтан, Алматы және оның айналасында несиенің ең жоғары сомасы 18 млн теңгеден аспайды; Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан және Қарағанды ​​облысында – 15 млн теңге; басқа аймақтарда – 12 млн теңге.

Кезекте тұрған өңірден тек жаңа, соның ішінде Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторының кепілдігі бар құрылыс салушыдан үлестік тұрғын үйді сатып алуға болады.

Өтінім "Отбасы банк" сайтында қабылданады. 

№3. "Нұрлы жер" немесе әкімдіктердің несиелік тұрғын үйі

Кезекте тұрғандар қатыса алады. Бюджет қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерге басымдық беріледі.

Талаптар:

  • басында баспанасының болмауы;
  • үй кезегінде тұру;
  • "Отбасы банкінде" депозит ашу;
  • отбасындағы бір адамның айлық табысы 3.7 күнкөріс шегінен (133.2 мың тг) аспауы керек.

Шарттары:

  • мөлшерлеме – 2%;
  • бастапқы жарна – 20%-дан бастап;
  • несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін.

Пәтерді бастапқы нарықтан немесе жеке үй сатып алуға болады. Мұндай жағдайда жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алу үшін кезекке тұру қажет. Тұрғын үйлерді әкімдіктер салады.

1 шаршы метр пәтер құны:

  • Алматыда – 240 мың теңгеге дейін;
  • Нұр-Сұлтанда және оның маңындағы аумақта – 220 мың теңгеге дейін;
  • Шымкентте және Алматы маңындағы аумақта – 200 мың теңгеге дейін;
  • Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды ​​және Қостанай облыстарында – 180 мың теңгеге дейін;
  • басқа аймақтарда – 160 мыңға теңгеге дейін.

Жер үйлердің 1 шаршы метрі – 120 мың теңгеге дейін (инженерлік желілерді қоспағанда).

Өтінім "Отбасы банк" сайтында қабылданады. 


Оқи отырыңыз: "Шаңырақ", "Ұмай", "Жас отбасы". 2022 жылы баспаналы болудың жеті жолы 


№4. "Алматы жастары" және "Елорда жастары"

Алматы және Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға арналған: мемлекеттік, қалалық және республикалық мекемелердің қызметкерлері: полицейлер, мұғалімдер, мәдениет, спорт, журналистика, әлеуметтік және ақпараттық технологиялар саласының қызметкерлері және т.б.

Талаптар:

  • 35 жасқа дейін қоса алғанда;
  • өтінім берген сәтте соңғы 5 жылда басында (отбасы мүшелерін қоса алғанда) баспанасының және сатып алу құқығымен жалға берілген тұрғын үйдің болмауы;
  • соңғы бір жылда қалада тұрақты үздіксіз мекенжай тіркеуінің болуы;
  • қатысушының соңғы жылдағы ресми жұмыс тәжірибесі;
  • "Отбасы банкінде" кемінде 1,8 млн теңге жинақталған депозитінің болуы;
  • 6 айдан кем емес ресми жұмыс өтілі;
  • отбасындағы бір адамның айлық табысы 6 күнкөріс шегінен (216,1 мың тг) аспауы керек.

Шарттары:

  • мөлшерлеме – жылдық 5%;
  • бастапқы жарна – 10%-дан бастап;
  • несиенің ең көп сомасы – 18 млн;
  • несиелеу мерзімі – 25 жыл.

Пәтерді бастапқы немесе қайталама нарықтан алуға болады. Қатысушылардың қалада тұрған жылдар, балаларының болуы, жұмыс тәжірибесі және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығы ұпаймен есептеледі.

Бағдарламаның басталғаны туралы zhilfond.kz және almaty-zhastary.kz сайттарында хабарланады.

№5. "Әскери баспана"

ҰҚК, ІІМ, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі, "Сырбар" мемлекеттік қауіпсіздік және сыртқы барлау қызметі, әскери прокуратура қызметкерлеріне арналған. Ұпайлық жүйе қолданылады.

Талаптар:

  • тұрғын үйге мұқтаж деп танылу (мұндай мәртебені қызмет көрсету орны бойынша тұрғын үй комиссиясымен беріледі);
  • соңғы бес жылда басында баспанасы болмауы;
  • тұрғын үй төлемдері бар;
  • "Отбасы банкінде" тұрғын үй төлемдері есептелетін арнайы шоттың болуы;
  • шотта 10-15% жинақ.

Тізімге баспанасы бар және қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығына ақшалай өтемақы алған тұрғын үй жәрдемақысын алушылар енгізілмейді.

Шарттары:

  • мөлшерлеме – 8%, кейіннен 3,5%-ға дейін төмендейді;
  • бастапқы жарна – 15%-дан бастап;
  • несие мерзімі – 25 жылға дейін;
  • несиенің ең көп сомасы – 50 млн теңге.

Баспананы Қазақстанның кез келген қаласынан бірінші және қайталама нарықтан бір рет қана сатып алуға болады. Сомаға жөндеу шығындары кіруі мүмкін. Өтінім қабылдау жазға жоспарланған.

№6. "7-20-25" жеңілдетілген ипотекасы

Меншік құқығында баспанасы жоқ азаматтарға арналған.

Талаптар:

  • басында баспанасының болмауы;
  • еңбек табысының болуы және төлем қабілеттілігін растау;
  • отбасындағы бір адамның айлық табысы 3,7 күнкөріс шегінен (133,2 мың теңге) аспауы керек. Екі қосалқы қарыз алушыны тартуға болады.

    Шарттары:

    • мөлшерлеме – 7%;
    • бастапқы жарна – 20%-дан бастап;
    • мерзімі – 25 жылға дейін;
    • Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Атырауда ең көп сома – 25 млн теңге, ал басқа аймақтарда – 15 млн теңге.

    Міндетті түрде пайдалануға берілген бастапқы жылжымайтын мүлік қана сатып алуға болады.

    Бағдарламаға тоғыз банк қатысады: ЦентрКредит Банкі, Сбербанк, Халық банкі, Еуразиялық банк, Bank RBK, Jusan bank, ForteBank, Altyn Bank және Freedom Finance Bank.

    2022 жылы жалпы 17,3 млн шаршы метр тұрғын үй  (163 мың пәтер) салу жоспарланған. Соның ішінде:

    • 11,8 мың несиелік пәтер;
    • 7,3 мың жалдамалы пәтер (тек бұрын басталған құрылыстың аяқталуы).

    Оның ішінде 1,3 мың пәтер – көп балалы отбасыларға, 3 мың пәтер – әлеуметтік осал топтарға, 3 мың пәтер жұмыс істейтін жастарға беріледі.


    Оқи отырыңыз: Қазақстанда ипотека алу қаншалықты қолжетімді?


    №7. "Ұмай" әйелдер ипотекасы

    Табысы жоғары болғандықтан мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына сәйкес келмейтін, бірақ жеңілдетілген ипотека шарттарына мұқтаж әйелдерге арналған.

    Талаптар:

    • Қазақстан азаматтығы бар әйелдер;
    • жас шектеуі – 18 жастан 65 жасқа дейін;
    • отбасындағы табыс 640 мың теңгеден (салықты шегермегендегі сома) аспауы керек.

    Жеке кәсіпкерлер үшін соңғы 12 айдағы түсімдер есепке алынады. Екі қосалқы қарыз алушыны тартуға рұқсат етіледі.

    Шарттары:

    • мөлшерлеме – 13,5%-дан бастап кейіннен 5%-ға дейін төмендей отырып;
    • бастапқы жарна табысқа байланысты: 550 мың теңгеден төмен – 15%, 550 001 теңгеден 630 мың теңгеге дейін – 20%;
    • несиенің ең көп сомасы – 30 миллион (қоса алғанда) теңгеге дейін;
    • мерзімі – 6 айдан 25 жылға дейін.

    Бастапқы және қайталама тұрғын үйді, соның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша да сатып алуға болады.

    Несие алуға өтініштер наурыз айының ортасында қабылданады.

    №8. "Еңбек" қоныс аудару бағдарламасы

    Жұмысшы мамандықтарына басымдық берілген: механизаторлар, электриктер, жүргізушілер, дәнекерлеушілер, құрылысшылар, сауыншылар, мұғалімдер, дәрігерлер. Оқудан өту қарастырылған.

    Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарына көшуге болады.

    Мемлекеттік қолдау шаралары:

    • көшу үшін материалдық көмек беру – өтініш берушіге және әрбір отбасы мүшесіне 70 АЕК;
    • тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық төлемдерді төлеу бойынша шығындарды өтеу: ауылдық немесе қалалық жерлерге байланысты бір адамға 15-тен 30 АЕК-ке дейін;
    • қызметтік тұрғын үймен, жатақханадағы бөлмелермен, 5 жылдан кейін жекешелендіру мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету;
    • міндетті жұмысқа орналасу.

    Толық ақпарат осында.

    Сондай-ақ, моноқалалардағы қоныстанушыларға жеңілдетілген ипотека беру жоспарланған:

    • бастапқы жарна – 10%-дан бастап;
    • мөлшерлеме – 5%;
    • мерзімі – 20 жылға дейін.

    Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

    Поделиться:

     Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

    Серіктестер жаңалықтары