Тікелей эфир

Nur Otan: Жаңаөзенде 20 жаңа бизнес-жоба жүзеге асырылады

Сайлауға бірнеше күн ғана қалды. Депутат болуға ниеттілер мен олардың сенімді өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын күшейтті.

Бүгін Парламент Мәжілісіне депутаттыққа кандидат Самат Мұсабаевтың сенімді өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге түрлі қызмет сала өкілдері қатысты. Олардың арасында мұғалім, дәрігер, мұнайшы, көп балалы аналар болды.

"Адамдардың сұрақтары, тілектері, талаптары мен өтініштері әртүрлі. Бірақ, мұнайшылар қаласындағы ең маңызды мәселе – жұмыссыздық болып қала береді. Дипломы бар білімді және білікті жастар көп. Алайда, олардың барлығына, әсіресе мұнай-газ саласында жұмыс табу қиын", – деп жазды Самат Мұсабаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, мемлекет пен жергілікті билік Жаңаөзен моноқаласын дамытуға көп көңіл бөлуде. "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" бағдарламасына сәйкес партия өңірдегі іскерлік белсенділікті жаңғыртуға, "Атамекен" ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын пайдалана отырып, шағын және орта бизнестің жаңа кәсіпорындарын құруға көмектеседі.

Nur Otan Жаңаөзеннің индустриялық аймағы шеңберінде кемінде 20 жаңа бизнес-жобаны іске асыруға қол жеткізеді. "Ақтау теңіз порты" АЭА және Жаңаөзен қаласының индустриялық аймақтарының инженерлік инфрақұрылымын толық аяқтау жоспарлануда.

Жыл сайын облыста "Бастау бизнес" жобасы шеңберінде кемінде 500 адам өз ісін ашу үшін кәсіпкерлік негіздеріне оқиды. Қабылданған шаралар 2025 жылға қарай өңірдегі жұмыс істеп тұрған шағын орта бизнес кәсіпорындарының санын 55 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

"Nur Otan" партиясының Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары