Тікелей эфир

Нұр-Сұлтанда дәрі сапасын тексеретін зертхана ашылды

Суретті Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы ұсынды
Суретті Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы ұсынды
Зертханада елімізге әкелінетін және өзімізде өндірілетін дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігі тексеріледі.

Зертханалық сынақтар орталығы Назарбаев Университеті базасында құрылған.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, орталықтың ашылуы Қазақстан аумағында контрафактілік немесе жалған медициналық өнімдерді болдырмау мақсатында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

"Зертхана барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Біз қазір халықаралық аккредиттеуден өтуді жоспарлап отырмыз. Қазақстанда осындай алты зертхана бар болса, жетіншісі елордада ашылып отыр", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Жыл сайын жүз шақты адам донор кезегін күте алмай көз жұмады

Сонымен қатар, министр бүгінде елімізде медициналық препараттардың сапасына қатысты бірқатар мәселелер бар екенін атап өтті.

"Медицинаның барлық түрлері – таңғыштар, шприцтер – бәрі тексеруден өтеді. Әрбір препараттың техникалық сипаты, өндіруші зауыты тексеріледі. Физика-химиялық және микробиологиялық қасиеттері сарапталады", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Елдің батысы екпеге қарсы. Вакцинацияны міндеттеу кімнің құқығын шектейді?

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, зертханалық тестілеу орталығына 500 миллион теңге қаражат жұмсалған. Ғимарат Назарбаев Университеті, құрал-жабдықтар Денсаулық сақтау министрлігі мен Орталықтың өз қаражаты есебінен сатып алынған. Зертханалар дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін сараптау және бағалауға арналған заманауи жабдықтардың жаңа 250 бірлігімен жабдықталған.

Оқи отырыңыз: Нәрестенің кіндікбау қаны таптырмас ем екені рас па? Қазақстанда оны қайдан сатып алуға болады?

Зертханалық сынақ орталығы 3 зертханадан тұрады:

  • Физико-химиялық зертхана;
  • Микробиологиялық зертхана;
  • Медициналық бұйымдарды сынау зертханасы.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары