Тікелей эфир

"Жыл сайын 25% артады". Балабақша тәрбиешілері қанша жалақы алады?

Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жалақысы 2019 жылдан бастап жыл сайын 25 пайызға көтеріліп келе жатыр.

Оқу-ағарту министрлігі Ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамова Қазақстандағы балабақша тәрбиешілернің орташа айлығын атады.

"Бүгінгі күні 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар және ең төменгі ІІ санаты бар педагогтің орташа айлығы – 164-172 мың теңге. Ал тәжірибесі жоқ, жұмысқа жаңа орналасқан мамандардың орташа айлығы 94-120 мың теңгенің шамасында болады", – деді Манара Адамова.


Оқи отырыңыз:


Ол мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жалақысы 2019 жылдан бастап жыл сайын 25 пайызға көтеріліп келе жатқанын еске салды.  Десе де, әлі де төмен деңгейде. Сол себепті министрлік қазір мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің айлығын тағы да кезең-кезеңімен көтеруді қарастырып жатыр.

"Былтыр президенттің тапсырмасына сәйкес, педагогтердің, оның ішінде мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің айлық табысын арттыру және жүктемесін азайтуға байланысты пилот ұйымдастырылып, мектепке дейінгі ұйымда күні бойы жұмыс істейтін екі педагог жобасы сынақтан өтті. Соның нәтижесінде педагогтердің айлық табысын көтерудің әртүрлі нұсқасы, оған қажет қаражат та есептеліп, ұсынылған болатын. Биыл жыл соңына дейін тағы да мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің айлығын көтеру мәселесі қарастырылатын болады", – деді Манара Адамова.

Серіктестер жаңалықтары