USD: 469.5 / 472.3
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Оқу министрлігі балабақша тәрбиешілері толтыруы тиіс құжаттар туралы түсіндірді

Мектепке дейінгі білім беру саласының тәрбиешілері мен педагогтері үш құжат толтыруы қажет.

Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылы 27 тамыздағы №382 бұйрығымен мектепке дейінгі білім беру саласының тәрбиешілері мен педагогтері толтыруға тиіс үш құжат анықталған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің "Балаларды ерте дамыту институты" РММ директоры Манара Адамова айтты.

Балабақша тәрбиешілері мен педагогтері толтыруға тиіс құжаттар:

  1. перспективалық жоспар;
  2. циклограмма;
  3. баланың жеке даму картасы.

"Бұл министрліктің тарапынан мектепке дейінгі білім саласының педагогтарын қағазбастылықтан құтқару үшін қабылданып отырған шешім. Сондықтан да бүгінгі күні осы үш негізгі құжат тәрбиешілер мен педагогтердің толтыруы тиіс құжаттары болып табылады. Басқа ешқандай құжатты аттестация кезінде немесе басқа да күнделікті тексеру кезінде талап етуге ешкімнің құқы жоқ", – деп түсіндірді Манара Адамова.


Оқи отырыңыз:


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз