Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот
Заң бойынша сенат жоғарғы сот судьяларын президенттің ұсынысымен тағайындайды.

Сенат депутаттары жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатуға қаулы шығарды. 

Судья Досжан Әмір зейнет жасқа толғаннан кейін отставкаға кетіп отыр. Ол 36 жыл бойы сот саласында қызмет етті. Оған қоса, судьялар одағының төрағасы болып сайланған.

Ал Герман Нұрбаев ТМД Экномикалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.  Осыған байланысты жоғарғы сот судьясының орнын босатып отыр.

Айта кетейік, заң бойынша сенат жоғарғы сот судьяларын президенттің ұсынысымен тағайындайды және қызметінен босатады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау