USD: 470.5 / 473.3
  • EUR: 548.5 / 553.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Жетісу облысында Сібір жарасының 33 көмілген ошағы анықталды

Облыста ветеринария заңнамасын бұзған 100-ден астам лауазымды тұлға жазаланды.

Жетісу өңірінде табиғатты қорғау прокуратурасы ветеринариялық заңнаманы сақтамаған 100-ден астам лауазымды тұлғаны жазалады. Бұл туралы Жетісу облысынң прокуратурасы хабарлады.

Облыс бойынша ветеринарияның лауазымды тұлғалары жануарларды вакцинациялау кезінде 33 мың заң бұзушылыққа, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершіліктен босатудың 526 фактісіне жол берген.

"Облыс аумағында Сібір жарасы ошақтарының иесіз жерленген 33 жері анықталды. Онда оларды оқшаулау және сәйкестендіру шаралары жүргізілмеген", – деп жазылған хабарламада.

Ветеринариялық мекемелерде қызметкерлердің жалған диплом пайдаланғаны туралы 4 фактісі анықталды, тағы 124 қызметкер білімі мен тәжірибесі бойынша атқаратын қызметтеріне сәйкес келмеген.


Оқи отырыңыз: Абай облысының ауылында төтенше жағдай: Сібір жарасы таралуы мүмкін деген күдік бар


Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша 100-ден астам лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде  аумақтың 3 инспекция басшысы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық үшін жауапқа тартылды.              

Мемлекет кірісіне 3 млн теңгеден астам қаржы өтелді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз