USD: 477.3 / 479.9
  • EUR: 544.5 / 549.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Жетісу облысында аудан әкімдігі әлі салынбаған туристерге арналған әжетханаға 29 млн теңге төлеген

Прокурорлар аса ірі көлемдегі ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сарқан ауданының әкімдігі туристік орындардағы орнатылмаған санитарлық-гигиеналық тораптар үшін 29 миллион теңгеден астам ақша төлеген. Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы хабарлады.

"Осы фактілер бойынша Жетісу облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (ерекше ірі көлемдегі жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", – деп жазылған хабарламада.

Бұл баптың санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Оқи отырыңыз: Түркістан облысының 50-ге жуық мектебінде ішкі әжетхана жоқ. Министр уәдесі неге орындалмады


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау