"Қазгидромет" 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялап, елдің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын мәлімдеді. Синоптиктер тұрғындарға сақтық шараларын күшейтуді ұсынды.
Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Ақтөбе облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аудандарда нөсер күшейіп, бұршақ пен дауылды жел болжанған. Желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.
Жетісу облысында жел 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, Алакөл маңында 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар өңірде өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталып отыр.
Қызылорда облысында найзағайлы жаңбыр жауып, кей жерлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай облысы мен Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай болжанған. БҚО-да тұман түсіп, кей аумақта ауа температурасы -2°C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.
Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Түнде тұман түсіп, желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысы, Абай облысы және Солтүстік Қазақстан облысында жел күшейіп, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Атырау облысының шығысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ал Павлодар облысының солтүстігінде де өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысы мен Жамбыл облысының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Синоптиктер ауа райының күрт құбылуына байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырды.
USD:
459.9 / 462.7
EUR:
541.0 / 546.0
RUB:
5.97 / 6.09