Бұйрық жобасы 23 маусымға дейін қоғам талқысына ұсынылған.
Колледж жатақханасына мониторинг жүргізеді. Оқу-ағарту министрлігің АшықНҚА порталында тиісті бұйрық жобасын жариялады.
Оператор жатақханадағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері нақты қамтылған орындардың мониторингін жүргізеді. Ол үшін:
- жатақханада тұратындарды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері санатына жатқызуды растау бөлігінде "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінен;
- жатақханада тұратын студенттер туралы, оның ішінде олардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы жаңартылған және анық мәліметтерді алу бөлігінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік леректер базасынан;
- студенттердің жатақханада тұруы туралы мәліметтерді алу бөлігінде адамдардың тиісті жатақханаға еркін өтуін (кіруін немесе шығуын) шектейтін құрылғымен интеграцияланған, операторға тиесілі "StudDom" ақпараттық жүйесінен мәліметтер алу жолымен жүзеге асырады. Ақпараттық жүйеде мұндай мәліметтер болмаған жағдайда студенттерге ішінара қоңырау шалып тексереді.
Оқи отырыңыз: Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
Бұйрық жобасы 23 маусымға дейін қоғам талқысына ұсынылған.