Тікелей эфир

Жасанды интеллект инженерлері Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат ала алады

Еңбек министрлігі мұндай жеңілдік берілетін кәсіптер санын екі еседен астам арттыруды жоспарлап отыр.

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің саны 21-ден 51-ге артады. Жаңадан қосылған кәсіптер негізінен, Цифрлық даму, инновациялар және денсаулық сақтау салаларына тиесілі. 

Олардың қатарында жасанды интеллект инженерлері, web әзірлеушілер, мобильді қосымшаларды әзірлеушілер, компьютерлік ойындарды әзірлеушілер, ақпараттық жүйелер сәулетшілері, сервер әкімшілері, ақпараттық қауіпсіздік маманы, графикалық дизайнерлер, суретші иллюстраторлар, акушер гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтар, сәулелік диагностика дәрігерлері және басқалар бар. 

Еңбек министрлігінің түсіндіруінше, жаңа тізім жасауда құзырлы министрліктерің тапсырыстары мен ішкі еңбек нарығындағы жағдай ескерілген. 

Толық тізіммен Ашық НҚА сайтындағы жобадан танысуға болады. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жыл соңына дейін ұлттық жасанды интеллект платформасы әзірленеді


Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 13 наурызға дейін. 

Серіктестер жаңалықтары