Тікелей эфир

Жаңа iPad Air мен iPhone SE смартфонының қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

Презентация пандемия кезіндегідей онлайн форматта өтті.

Apple корпорациясы көктемгі таныстырылым кезінде жаңа iPhone SE, iPad Air және iPhone 13 смартфонының жаңа түстерін таныстырды.  

Презентация пандемия кезіндегідей онлайн форматта өтті.

 iPhone 13 және 13 Pro смартфондарында еш өзгеріс жоқ, тек жасыл түсі шыққан.

Компания таныстырылым кезінде iPhone SE смартфонын ұсынды. Ол да iPhone 13 смартфонындағы A15 Bionic процессоры негізінде жасалған. Сондай-ақ, 5G бар және аккумуляторы жақсарған. iPhone SE 18 наурыздан бастап сатыла бастайды, бағасы – 429 доллар.

Жаңартылған iPad Air Apple M1 процессорымен жабдықталған. Мұндай процессор iPad Pro мен MacBook ноутбуктарында бар. iPad Air камерасы 12 мегапиксельге дейін жақсартылды. 18 наурыздан бастап сатылымға шығатын планшеттің құны – 599 доллар.

Компания, мұнымен қатар, M1 Max және M1 Ultra базасы, Studio Display мониторымен жабдықталған Mac Studio компьютерін таныстырды.

Еске салсақ, 8 наурыз қарсаңында алтынға сұраныстың артқаны туралы хабарлаған едік. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары