Тікелей эфир

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жатқан сарбаз комаға түсті

Сарбаздың көз жанары семіп, өзге де ағзалары сыр берген.

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің Жамбыл облысындағы басқармасында әскери борышын өтеп жатқан Ахметәлі Жәдігердің денсаулығына қауіп төніп тұр. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметі хабарлады.

Әскерге барғанына ай толмай жатып ауруханаға түскен сарбаздың көз жанары семіп, өзге де ағзалары сыр берген. Бұл жағдайға "болмашы ауруды асқындырып алған әскери бөлімнің дәрігерлері кінәлі" дейді анасы.

Сарбаздың ангинадан басталған ауруы жеті ай бойы төсекке жатқызған. Ақыр аяғы комаға түскен соң, Алматыдағы әскери госпитальға ауыстырған. Онда да жағдай ушығып терісі тура мағынада шіріп, өкшесі тесіліп қалған. Күні кеше көзіне ота жасап, бүгін кардиологиялық бөлімге ауысқан.

"Бізден кетті, госпитальға жетті" деген басқарма басшылары бұл мәселеге бас ауыртпаймыз, дейді.


Оқи отырыңыз: ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады


Ал сабылып жүріп шаршадым деген ана, баласын жеке не шетелдік клиникаға емдетуді талап етеді. Жауапты мамандар қазір бұл мәселеге қатысты арнайы тексеру басталғанын айтты.

Серіктестер жаңалықтары