Халық ақшасын депозитке доллармен сақтай бастады

Банк депозитіндегі ақша көлемі 25,7 трлн теңгеге жетті.

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 0,8% төмендегенімен, жыл басынан бері 17,5% өсті. Ал 2021 жылғы қарашаның соңында 25 790,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды naryk.kz сайты. 

Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 13 066,0 млрд теңгеге дейін 3,6%-ға азайды, жеке тұлғалардың депозиттері 12 724,5 млрд теңгеге дейін 2,1% өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 16 190,4 млрд теңгеге дейін 3,4%-ға азайды, шетел валютасында 9 600,2 млрд теңгеге дейін 3,7%-ға ұлғайды. Долларландыру деңгейі 2021 жылғы қарашаның соңында 37,2% (2020 жылғы желтоқсанда – 37,3%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылғы қарашада 8 040,1 млрд теңгеге дейін 5,6% төмендеді, шетел валютасында – 5 025,9 млрд теңгеге дейін 0,2% (заңды тұлғалар депозиттерінің 38,5%-ы) төмендеді.

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 150,3 млрд теңгеге дейін 1,1% төмендеді, шетел валютасында 4 574,2 млрд теңгеге дейін 8,3% өсті (жеке тұлғалар депозиттерінің 35,9%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,7% төмендеп, 17 860,6 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 11 441,1 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар – 6 419,5 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2021 жылғы қарашада 7,5% (2020 жылғы қарашада – 7,3%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,4% (9,3%) болды.

Еске салсақ, Қазақстан биржасында IBM және Caterpillar акцияларының сатылымға шыққаны туралы хабарлаған едік. Caterpillar Inc. пен International Business Machines Corp. (IBM) компанияларының акциясы қазақстандықтарға қолжетімді болмақ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау