
Қырғызстан үкіметінің төрағасы Әділбек Қасымәлиев заңды тұлғалардың атауында қолдануға тыйым салынған сөздер тізімін бекітті. Мұндай терминердің жалпы саны – 117.
Тыйым салынған сөздер қатарында Ислам, Христиан, Будда және өзге де ірі діндерге қатысты сөздер көп. Мысалы, енді заңды тұлға атауында Әбу Ханифа – Орталық Азия халықтары ұстанатын Ислам діні мазхабының негізін қалаған адамның есімін қолдануға болмайды. Сондай-ақ, тізімде Әзірейіл, Жәбірейіл, Микаил сынды періштелер есімдері және Иса пайғамбардың да есімі енген.
Тыйым салынған терминдер тізімімен Қырғыз үкіметінің сайтында толық танысуға болады.
"Бұл құжат діни сенім еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған", – делінген құжаттың түсіндірме жазбасында.
Еске салайық, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров таяуда "Діни сенім еркіндігі және діни ұйымдар туралы" заңға қол қойған болатын.
Оқи отырыңыз:
- "Тұмшаланып жүруге болмайды". Қырғызстанда никаб киюге тыйым салынды
- Қырғызстанда медресе оқытушылары жас қыздарды тоқал болуға мәжбүрлеген