Алматыда тегін үйірмелер қайда бар және оларға қалай жазылуға болады

Фото ЖИ көмегімен жасалды
Фото ЖИ көмегімен жасалды
Қаланың әр ауданында оқушыларға арналған тегін үйірмелер бар.

Алматыда мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге арналған тегін үйірмелер ұсынатын 20-дан астам мемлекеттік қосымша білім беру ұйымы бар. Олар ғылыми-техникалық, көркемдік-эстетикалық, музыкалық, спорттық, экологиялық және инклюзивті бағыттар бойынша жұмыс істейді. Оған қоса, балалар "Білім Алматы" мен "Даму Бала" бағдарламалары аясында және мектепішілік секцияларда білім алу мүмкіндігіне ие. Үйірмелер тізімін Алматы білім басқармасының Мемлекеттік қызмет көрсету порталынан көруге болады. 

Алатау ауданы

Алатау ауданының мектеп оқушыларының инновациялық шығармашылық орталығы

  • Мекенжайы: Алатау ауданы, Нұркент шағынауданы, 14А;
  • Бағыттары: Ғылыми-техникалық, көркемдік-эстетикалық, музыкалық-аспаптық және спорттық бағыттар. Робототехника, IT, графикалық дизайн, химия, авиамодельдеу, 3D модельдеу, виртуалды шындық, би, вокал, театр, домбыра, қобыз, фортепиано, дзюдо, бокс және басқалары.

Жігер оқушылардың инновациялық шығармашылық және дамыту орталығы

  • Мекенжайы: Алатау ауданы, Саялы шағынауданы, 4А;
  • Бағыттары: Ғылыми-техникалық, эстетикалық-шығармашылық, экологиялық-биологиялық, музыкалық-аспаптық және спорттық бағыттар. Робототехника, электроника, авиамодельдеу, 3D, медиа контент, ұлттық және заманауи би, актерлік шеберлік, аквапоника, домбыра, қобыз, вокал, каратэ, таэквондо, дзюдо, бокс, шахмат, тоғызқұмалақ және басқалары.

№1 Оқушылар үйі

  • Мекенжайы: Алатау ауданы, Федченко көшесі, 2Б;
  • Бағыттары: Сәндік-қолданбалы өнер, спорттық, техникалық, тілдік, қоғамдық-гуманитарлық және көркемдік-эстетикалық бағыттар. Радуга бисера, Арт-Фаворит, Сурет сиқыры, шахмат, бокс, самбо, дзюдо, тоғызқұмалақ, робототехника, компьютерлік сауаттылық, Happy English, домбыра, қобыз, вокал, би, актерлік шеберлік және басқалары.

Оқи отырыңыз: Оқушылар мектепте қандай жағдайларда смартфон қолдана алады


Алмалы ауданы

№2 Оқушылар үйі

  • Мекенжайы: Алмалы ауданы, Жамбыл көшесі, 170А;
  • Бағыттары: Ғылыми-техникалық, әлеуметтік-педагогикалық, музыкалық-аспаптық, көркемдік-эстетикалық және спорттық-сауықтыру бағыттары. Робототехника, 3D модельдеу, LEGO, дебат, домбыра, жетіген, скрипка, вокал, хореография, шахмат, жүзу және басқалары.

С. Прокофьев атындағы №3 балалар музыка мектебі МКҚК

  • Мекенжайы: Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, 59;
  • Бағыттары: Музыкалық-аспаптық және вокалдық бағыттар. Фортепиано, скрипка, виолончель, домбыра, қобыз, жетіген, гитара, саксофон, кларнет, флейта, вокал.

№1 хорлық балалар музыка мектебі МКҚК

  • Мекенжайы: Алмалы ауданы, Радостовец көшесі, 38;
  • Бағыттары: Хор өнері бағыты.

Өнер мектебі КМҚК

  • Сыйымдылығы: 530 бала;
  • Мекенжайы: Алмалы ауданы, Н. Тілендиев көшесі, 35;
  • Бағыттары: Музыкалық-аспаптық, вокалдық, хореографиялық және бейнелеу өнері бағыттары. Фортепиано, скрипка, виолончель, гитара, домбыра, жетіген, қобыз, қылқобыз, халық әні, баян-аккордеон, флейта, саксофон, кларнет, соқпалы аспаптар, эстрадалық вокал, хореография, көркемсурет бөлімі.

Бостандық ауданы

Мұқан Төлебаев атындағы №5 балалар музыка мектебі МКҚК

  • Сыйымдылығы: 488 бала;
  • Мекенжайы: Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 54А;
  • Бағыттары: Музыкалық-аспаптық, вокалдық, хорлық және хореографиялық бағыттар. Хор, баян-аккордеон, гитара, домбыра, қобыз, жетіген, фортепиано, скрипка, виолончель, арфа, флейта, кларнет, саксофон, эстрадалық және академиялық вокал, хореография.

№3 Оқушылар үйі

  • Сыйымдылығы: 2600 бала;
  • Мекенжайы: Бостандық ауданы, Вахтангов тұйық көшесі, 2Б;
  • Бағыттары: Сәндік-қолданбалы өнер, көркемдік-эстетикалық, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, көшбасшылық және спорттық бағыттар. Бейнелеу өнері, би, вокал, гитара, робототехника, графикалық дизайн, жасанды интеллект, шахмат, волейбол, тілдік және театр үйірмелері.

№10 балалар музыка мектебі

  • Заңды мекенжайы: Бостандық ауданы, Клочков көшесі, 49;
  • Нақты мекенжайы: Орбита-3 шағынауданы, 55-үй;
  • Бағыттары: Музыкалық-аспаптық, вокалдық және инклюзивті білім беру бағыттары. Фортепиано, скрипка, эстрадалық вокал, қобыз, домбыра, гитара, саксофон, соқпалы аспаптар, флейта, жетіген, дәстүрлі ән, инклюзивті бөлім.

Әуезов ауданы

№11 балалар музыка мектебі МКҚК

  • Мекенжайы: Әуезов ауданы, 3-шағынаудан, 52-үй;
  • Бағыттары: Музыкалық-аспаптық орындаушылық бағыты. Скрипка, фортепиано, домбыра, жетіген, флейта, кларнет, саксофон, баян, қобыз, қылқобыз.

Құрманғазы атындағы №7 балалар музыка мектебі МКҚК

  • Мекенжайы: Әуезов ауданы, 5-шағынаудан, 59-үй;
  • Бағыттары: Музыкалық-аспаптық және вокалдық бағыттар. Фортепиано, скрипка, домбыра, қобыз, гитара, баян, аккордеон, саксофон, кларнет, вокал.

Оқи отырыңыз: Нутрициолог оқушының тамақ ішуіне мектепте бір сағат беруді сұрады


Жетісу ауданы

№9 Оқушылар үйі

  • Мекенжайы: Жетісу ауданы, Мочалов көшесі, 25 немесе Айнабұлақ-4 шағынауданы, 166;
  • Бағыттары: Шығармашылық, музыкалық, спорттық, зияткерлік және тілдік бағыттар. Сурет, қолөнер, домбыра, вокал, би, бокс, волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, LEGO, театр және басқалары.

Медеу ауданы

№8 балалар музыка мектебі

  • Мекенжайы: Медеу ауданы, Блок көшесі, 14;
  • Бағыттары: Музыкалық-аспаптық және вокалдық бағыттар. Фортепиано, скрипка, домбыра, қобыз, гитара, баян, аккордеон, саксофон, кларнет, вокал.

Оқушылар сарайы ШЖҚ МКК

  • Мекенжайы: Медеу ауданы, Достық даңғылы, 124;
  • Бағыттары: Музыкалық, көркемдік, спорттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, туристік және тілдік бағыттар. Фортепиано, скрипка, домбыра, қобыз, вокал, хореография, театр, робототехника, IT, физика, химия, биология, аэрофототехника, шахмат, дзюдо, бокс, жүзу және басқалары.

№5 Оқушылар үйі

  • Мекенжайы: Медеу ауданы, Орынбор көшесі, 17/1;
  • Бағыттары: Музыкалық, би, тілдік, шығармашылық, зияткерлік және спорттық бағыттар. Домбыра, би, вокал, хор, халық аспаптары оркестрі, сурет, шахмат, тоғызқұмалақ, 3D, ағылшын тілі, математика, журналистика және басқалары.

№7 Оқушылар үйі

  • Мекенжайы: Медеу ауданы, Армянская көшесі, 5Б;
  • Бағыттары: Техникалық, спорттық, театрлық, тілдік, әлеуметтік-педагогикалық, көркемдік-эстетикалық және инклюзивті білім беру бағыттары. LEGO, тоғызқұмалақ, асық ату, балалар театры, қазақ және ағылшын тілдері, домбыра, вокал, би, фортепиано, қолөнер, бейнелеу өнері және басқалары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды. Қай өңірде оқушы көп 


Наурызбай ауданы

Наурызбай ауданының мектеп оқушыларының инновациялық шығармашылық орталығы

  • Мекенжайы: Наурызбай ауданы, Шұғыла шағынауданы, 347/4;
  • Бағыттары: Музыкалық, спорттық, ғылыми-техникалық, цифрлық технологиялар, көркемдік-эстетикалық және шығармашылық бағыттар. Қылқобыз, гитара, баян, жетіген, домбыра, шахмат, тоғызқұмалақ, бокс, дзюдо, робототехника, Python, 3D модельдеу, бағдарламалау, би, вокал, театр, дизайн және басқалары.

Түрксіб ауданы

Е. Брусиловский атындағы №9 балалар музыка мектебі

  • Мекенжайы: Түрксіб ауданы, Приозерная көшесі, 1/1;
  • Бағыттары: Музыкалық-аспаптық өнер бағыты. Скрипка, фортепиано, гитара, домбыра, баян немесе аккордеон, соқпалы аспаптар.

№6 Оқушылар үйі

  • Мекенжайы: Түрксіб ауданы, Сейфуллин даңғылы, 13/1;
  • Бағыттары: Көркемдік-эстетикалық, сәндік-қолданбалы, аспаптық, спорттық-техникалық және әлеуметтік-педагогикалық бағыттар. Вокал, би, хореография, домбыра, қобыз, жетіген, фортепиано, гитара, сурет, шахмат, таэквондо, қазақ күресі, робототехника, ағылшын тілі, театр және басқалары.

№7 Олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

  • Мекенжайы: Түрксіб ауданы, Рихарда Зорге көшесі, 8А;
  • Бағыттары: Спорттық бағыт. Көркем гимнастика, бадминтон, баскетбол, үстел теннисі, дзюдо, волейбол, таэквондо, бокс.

№5 мамандандырылған кешенді балалар-жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебі

  • Мекенжайы: Түрксіб ауданы, Жас қанат шағын ауданы, 24Б;
  • Бағыттары: Спорттық және су спорты бағыттары. Жүзу, әртістік жүзу, грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, садақ ату, су добы.

№7 Оқушылар үйі

  • Мекенжайы: Түрксіб ауданы, Нұрсая көшесі, 4А;
  • Бағыттары: Музыкалық, эстетикалық және шығармашылық бағыттар. Вокал, би, хореография, домбыра, фортепиано, гитара, сурет және басқалары.

Оқи отырыңыз: Мектепке кірпік жабыстырып, тырнақ өсіріп, боянып келетін оқушылар қатаң жазаланады


Балаларды қабылдау жасы мен талаптары таңдалған үйірменің бағытына және ұйымға байланысты белгіленеді. Қаланың әр ауданындағы тегін үйірмелер мен секциялар, олардың мекенжайлары, жас ерекшеліктері, бос орындары, жазылу тәртібі және байланыс нөмірлері туралы толық ақпаратты bilimalmaty.kz порталынан алуға болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау