Қазақстанда 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды. Қай өңірде оқушы көп

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Қазақстанда 1200-ден астам жаңа мектеп салынды.

Бүгін, 1 қыркүйекте Қазақстандағы 8 мыңға жуық білім беру ұйымында жаңа оқу жылы басталды. Биыл ел бойынша 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданды.

Олардың шамамен 296 мыңы мемлекеттік, 23 мыңға жуығы жекеменшік мектептерде білім алады. Қалалық мектептерге 191 мыңға жуық, ауылдық мектептерге шамамен 128 мың бірінші сынып оқушысы қабылданған. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар 4 мыңға жуық бала білім беру ұйымдарына қабылданды.

Биыл бірінші сыныпқа баратын балалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Мұнда 50 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттады.

Одан кейінгі орындарда:

  • Алматы облысы – 35 мыңнан астам;
  • Астана – шамамен 33 мың;
  • Алматы – 31 мыңнан астам;
  • Шымкент – 29 мыңнан астам бала.
Фото: Informburo.kz

 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 8048 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Бұл 2024-2025 оқу жылымен салыстырғанда 1,6%-ға көп. 2020 жылдан бері елімізде 1200-ден астам жаңа мектеп салынған. Осы кезеңде 1 млн-нан астам жаңа оқушы орны құрылып, үш ауысымда жұмыс істейтін мектептердің саны төрт есеге азайған.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2026-2027 оқу жылында Қазақстанда тағы 101 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Жаңа білім беру нысандары жалпы 59,3 мың оқушыға есептелген. Мектеп құрылысы Арнайы мемлекеттік қор, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, жергілікті бюджет және жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау