"Ұзын-сонар кезек": Атырау облысында сұйытылған газ тапшы

Жергілікті билік өкілдері мұның себебін ірі мұнай компаниясының уақытша жұмысын тоқтауымен байланыстырып отыр.

Атырау облысында 2-3 күннен бері сұйытылған газ тапшы. Автогаз іздеген тұрғындар жанармай құю бекеттерін аралап, бірнеше күннен бері ұзын-сонар кезекте тұр. Кейбір газ құю бекеттері жұмыстарын уақытша тоқтатса, өзгелері тек талон арқылы сатуға көшкен, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

Атырауда 2-3 күннен бері сұйытылған газ жетпей тұрғындар әбден әуреге түсіп жатыр. Тіпті қалаға шалғай жерден келгендер ауылдарына қайта алмай жүр. Ал бекеттерде жүргізушілер қайта-қайта келмеуі үшін "газ жоқ" деп жазып қойған. Бірқатары автогазды арнайы шектеумен сатып жатыр. Онда да ұзын-сонар кезек.

Тұрғындар барлық бекетте осындай жағдай екенін айтады.

Арнаның хабарлауынша, сұйытылған газ тапшылығына Атырау мұнай өңдеу зауытында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары себеп болған. Елдің Энергетика министрлігінің шешімімен, қараша айында  зауыт облысқа 5 мың 744 тонна сұйытылған газ сатуы керек еді. Алайда, жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын ескеріп, министрлік бекіткен көлем 35 пайызға қысқарған. Қарашаның басынан күні бүгінгі дейін зауыт ішкі нарық үшін тәулігіне бар болғаны 90 тонна автогаз шығарыпты. Ал бүгіннен бастап оның көлемі тағы азайып, зауыт қазір күніне тек 60 тонна сұйық отынды нарыққа жөнелтіп отыр.

"Бүгінде Атырау мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстарына байланысты әкімдік Ақтөбе қаласы мекемелерінен 1100 тонна және Тенгизшевройл мекемесінен 1100 тонна сұйытылған мұнай-газ алу үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.  Алдағы 3-4 күндікте Gazprocessing және Qazaq oil Ақтөбе мекемесімен келіссөз жүргізіліп жатыр", – дейді Атырау облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Мұқышев.


Оқи отырыңыз: Әлихан Смайылов: Бензин мен дизель басқа тауарлар ретінде сыртқа шығарылған


Әкімдіктің жоспары орындалса келесі аптаның соңына дейін Атырауға Ақтөбе облысынан сұйытылған газ жеткізіледі. Энергетика басқармасындағылардың айтуынша, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін кәсіпорын тәулігіне 500 тонна газ өндірмек. 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары