Осы ретте Жемнің бойында орналасқан жасанды бөгеттерді жару арқылы судың арнасын бұру жұмыстары басталды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жауапты мамандармен бірге жүріп жатқан жұмыстарға аэровизуалды тексеру жүргізді.
"Жылыойға төнген қауіпті сейілту мақсатында Жем өзенінің сағаларын ашып жатырмыз. Бұл маңда кезінде көптеген жеке шаруа қожалықтар суды жинап алу мақсатында ағыс көзін бітеп, жасанды бөгеттер тұрғызған. Бұл қалаға келген судың ағыспен ағып кетуіне үлкен кедергі болып отыр. Соған байланысты бітелген арналардың көзін бөгеттерді жару арқылы ашып жатырмыз. Оны тротилмен жарып, өзен кедергісіз ағуда", – деді Қ.Нұртаев.