Мұндағы мақсат – дүкендегі тауар бағасының қымбат болуына жол бермеу.
Үкімет облыс орталықтары мен моноқалаларда заманауи сауда орталықтары мен көпфункционалды сауда кешендерін салуға не жаңғыртуға ниетті кәсіпкерлерге мемлекеттік субсидия беруді көздеп отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкіметтің "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" қаулысына енгізілуі тиіс өзгертулердің жобасынан белгілі болды. Алайда, бұл санатқа сауда-ойын-сауық орталықтары жатпайды.
Жоба бойынша, салынатын не жаңғыртылатын сауда орталықтары бірқатар талаптарға сай келуі шарт:
- сауда алаңының аумағы кемінде мың шаршы метр болуы керек;
- дүкен көтерме емес, бөлшек саудамен айналысуы тиіс;
- сауда алаңында азық-түлік, оның ішінде әлеуметтік азық-түлік сататын орындар, сондай-ақ әкімшілік-тұрмыстық, қойма бөлмелері болуы тиіс.
Құжат жобасының иесі – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің түсіндіруінше, Қазақстанда заманауи форматтағы сауда алаңдары тапшы. Оған қоса, сауда алаңдарын сатып алу және жалдау құны да өте жоғары. Бұл факторлардың бәрі дүкендердегі тауар бағасының қымбаттауына әкеліп отыр. Осыған орай, Үкімет жоғарыда аталған талаптарға сай келетін сауда орталықтарын салуға ниетті кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау арқылы дүкендегі баға мәселесін реттемек.
Оқи отырыңыз: В Казахстане могут исчезнуть магазинчики "у дома"
Айта кетейік, мемлекеттік субсидиялау 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүзеге асырылмақ.
Қаулыға енгізілетін өзгертулер жобасы 26 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-