Ол Нұр-Сұлтандағы №111 дауыс беру учаскесіне барды.
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Нұр-Сұлтандағы Ұлттық кітапхана ғимаратына орналасқан №111 дауыс беру учаскесіне барып, дауыс берді.

Референдумға 11 миллионнан астам қазақстандық қатыса алады.
Қазақстан азаматы ЖСН нөмірі арқылы өзінің учаскесін таба алады. Ал табылмаған жағдайда, ақпарат ресурсының соңында әкімдіктердің call орталығының тізімі шығады. Солардың біріне хабарласып, қайда барып дауыс беру керегін білуге болады.
Референдумға қатысушыларға бір ғана сұрақ қойылады. Ол – "2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Конституцияға өзгертулер мен толықтырулармен келісесіз бе?".
Өзгерістер топтамасын қолдап, не қарсы болып жауап беруге болады. Егер қатысушылардың 50 пайыздан астамы дауыс берсе, референдум өткізілді деп танылады. Ал өзгертулерді қабылдау үшін референдум қатысушыларының 50 пайыздан астамы қолдап дауыс беруі керек.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌡 Қазгидромет еліміздің бірнеше өңірінде қатты ыстық болатынын ескертті
-
264
-
0
-
6
-
-
2📵ІІМ: Антифрод-жүйенің арқасында алаяқтардың 34 млн қоңырауы бұғатталды
-
243
-
0
-
7
-
-
3👶 Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады
-
244
-
0
-
6
-
-
4⚽️ Қазақстандық клубтар футболдан еурокубок ойындарын қай кезеңнен бастайды
-
247
-
0
-
4
-
-
5✈️ FlyArystan Астанада Бішкекке 10 маусымнан бастап қайта қатынайды
-
237
-
0
-
2
-
-
6🛍 "Алтын орда" базары қашан заң аясында жұмыс істей бастайды?
-
232
-
0
-
1
-
-
7🎬 "Мультфильм киноның тасасында қалып қойған". Депутат балаларға арналған отандық анимацияны көбейтуді ұсынды
-
239
-
0
-
3
-
-
8🏠 Ұлытау облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
-
235
-
0
-
2
-
-
9🦅 "Басшылар құрғақшылықты қолдан жасап отыр". Қызылордалық шаруалардың егін алқабы құстарға жем болып жатыр
-
240
-
0
-
3
-
-
10🎓 Маңғыстау облысының ауылында бір мектепті екі оқушы ғана бітірді
-
246
-
0
-
5
-