Тікелей эфир

Үш жылға созылған күрестен кейін Жетісу өңірінің шаруалары 39 гектар жерді алды

Енді шенеуніктер тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Жетісу өңірінде шенеуніктер екі шаруа қожалығына жер беруді кешіктіргені үшін құн төледі. Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы хабарлады.

Жетісу өңірінде 3 жылдан астам екі шаруа қожалығы бордақылау алаңын салу және асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру үшін жер телімдерін ала алмаған. Жергілікті атқарушы орган жер телімдерін беруден негізсіз бас тартқан.

"Прокурорлық қадағалау актісін енгізгеннен кейін инвесторларға жалпы көлемі 39 гектар жер телімдері беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған хабарламада.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау – прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі.


Оқи отырыңыз: Тоқаев ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржыны екі есе арттыруды тапсырды


 

Серіктестер жаңалықтары