Тікелей эфир

ҰБТ-да кімдер шет тілінен тест тапсырудан босатылады?

Талапкерлер оның орнына IELTS және TOEFL сынақтарының нәтижесін ұсына алады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Ашық НҚА порталында жоғары оқу орындарына қабылдау қағидаларына енгізілетін өзгертулер жобасын жариялады. Өзгерістердің бірі IELTS және TOEFL сынақтарын тапсырып, сертификатын алған талапкерлерді ұлттық бірыңғай тестілеуде шет тілі бойынша тест тапсырудан босатуға қатысты.

Атап айтқанда, келесі халықаралық сертификаттардың бірі бар талапкерлер қалауы бойынша  ҰБТ-да "Шет тілі (ағылшын)" бейіндік пәнін немесе арнайы пәнін тапсырудан босатылады:

  • International english language tests system (IELTS);
  • Test of english as a foreign language institutional testing programm internet-based test (TOEFL ibt);
  • Test of english as a foreign language institutional testing programm (TOEFL itp);
  • Test of english as a foreign language institutional testing programm paper-based test (TOEFL pbt).

Аталған сертификаттар балы талапкердің білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуына және жоғары оқу орынына ақылы бөлімге қабылдануына мүмкіндік береді.


Оқи отырыңыз: 


Сертификаттардың балдық көрсеткіштерін келесі өлшем бойынша ҰБТ балына ауыстыру жоспарланған:

IELTS

  • 6 және одан жоғары балл = 45 балл (бейіндік пән) = 50 балл (арнайы пән);
  • 5.5 балл = 41 балл (бейіндік пән) = 46 балл (арнайы пән);
  • 5.0 балл = 37 балл (бейіндік пән) = 42 балл (арнайы пән).

TOEFL ibt

  • 79 және одан жоғары бал = 45 балл (бейіндік пән) = 50 балл (арнайы пән);
  • 71-78 балл = 41 балл (бейіндік пән) = 46 балл (арнайы пән);
  • 65-70 балл = 37 балл (бейіндік пән) = 42 балл (арнайы пән).

TOEFL itp

  • 543 және одан жоғары бал = 45 балл (бейіндік пән) = 50 балл (арнайы пән);
  • 500-542 балл = 41 балл (бейіндік пән) = 46 балл (арнайы пән);
  • 451-499 балл = 37 балл (бейіндік пән) = 42 балл (арнайы пән).

TOEFL pbt

  • 567 және одан жоғары бал = 45 балл (бейіндік пән) = 50 балл (арнайы пән);
  • 515-566 балл = 41 балл (бейіндік пән) = 46 балл (арнайы пән);
  • 466-514 балл = 37 балл (бейіндік пән) = 42 балл (арнайы пән).

Құжат жобасы 20 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары