Тікелей эфир

"Туыстарға ғана сатуға болады". Отбасы банктегі депозитті сату тоқтатылады

21 тамыздан бастап Отбасы банктегі депозитті сату қызметі тоқтатылады.

Бұдан былай Отбасы банктегі депозитті тек туыстарға ғана сатуға болады. Бұл туралы Отбасы банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

"21 тамыздан бастап Отбасы банкінде депозитті ақылы түрде сату қызметі тоқтатылады. Онлайн табыстау – депозиттердің онлайн дүкені іспеттес. Онда клиенттердің бірі салымдарын сата алса, екіншілері жинақтау жолын жылдамдатып, заемды тезірек алу үшін Отбасы банкінен шот сатып ала алады. Өткен жылдың бірінші жартысында бұл мүмкіндікті 1 647 адам пайдаланды. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында депозиттерді сатып алып, заем рәсімдеген клиенттердің саны екі есе азайып, 973 адам болды. Ал бірінші жартыжылдықта Отбасы банк 28 800 несие берген", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.


Оқи отырыңыз: "Бөлуге, беруге және біріктіруге болмайды". Отбасы банкі балаларға арналған депозиттің шарттарын түсіндірді.


Осы жылдың  басынан бері 273 465 қазақстандық жаңа жинақ шотын ашты.

"Отбасы банкте депозиттерді туыстарға табыстау қызметі сақталады. Оны тек банк бөлімшелерінде ғана емес, «Otbasy bank» мобильді қосымшасында онлайн режимде де жасауға болады. Қызмет 5-10 минут қана уақыт алады", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Бұл қызметті туыстардың келесі санаттары пайдалана алады: әйелі-күйеуі, ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынған балалар, бір ата-анадан немесе әртүрлі ата-анадан туған аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері және басқа да жақын туыстары.

Атап айтқанда, банк бөлімшесіне барып, туыстық қатынасы жоқ, бірақ ортақ туыстары бар адамдар арасында депозиттерді табыстауға болады. Мысалы, салымшы бір мәміле аясында жарының ағасына өз депозитін табыстай алады. Ол үшін неке және туыстық қатынасты растайтын құжаттар болуы қажет.


Оқи отырыңыз: "Күніне 200 теңгеден жинап, үйлі болғандар бар". Отбасы банкінің қызметкерлері өз жұмысы туралы айтып берді.


 

Серіктестер жаңалықтары