Тікелей эфир

Тұтынушылардың тұрғын үй және мемлекеттік қызметтерге шағымдарының өсу қарқыны 219,5% құрады

Олардың көбісі – көрсетілетін қызметтердің сапасына, тарифтердің негізсіз көтерілуіне қатысты шағымдар.

2023 жылдың 9 айында Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне қазақстандықтардан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты 2,5 мыңға жуық шағым түскен, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Олардың көбісі – көрсетілетін қызметтердің сапасына, тарифтердің негізсіз көтерілуіне қатысты шағымдар. Сондай-ақ, газ таратушы компанияларға, домофон компанияларының қызметтеріне, құрылыс компанияларына, электр қуатын өшіруге қатысты, КСК немесе ОСИ жұмысына шағымдар жиілеп кетті.

Айта кету керек, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңның ережелері тұрғын үй қатынастарына әрқашан қолданыла бермейді, өйткені мұндай қатынастардың көпшілігі, соның ішінде сатып алу-сату, пәтерлерді, үйлерді жалға беру шарттарын жасау кезінде және т.б. жағдайларда Азаматтық кодекс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі.


Оқи отырыңыз: "7-20-25" ипотекасына балама бағдарлама ашыла ма? Министр жауабы


Мұндай құқықтарды тіркеу кезінде "Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу" Заңы қолданылады. Ал тұтыну кооперативтері туралы заң оның қызметін құру және жүзеге асыру кезінде және т.б. кездерде қолданылады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңмен реттелетін қатынастар жеке жөндеу жұмыстарын жүргізуге, тұрғын үйдің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге, тұрғын үй құрылысының сапасына қатысты шарттардан туындауы мүмкін және жалға алушыны қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету, көппәтерлі үйдің ортақ мүлкіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу сапасынан туындайды немесе мердігер шарттарынан туындауы мүмкін, олардың ішіне шаруашылық, құрылыс, үй-жайды күтіп ұстау кіреді.

Сондай-ақ, энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергиясын, суды, жылуды, газды сатушы ретінде қызмет еткен кезде энергиямен жабдықтау сатып алу-сату шартынан туындауы мүмкін.

Қалай болғанда да, ең алдымен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге қарауымыз керек.


Оқи отырыңыз: "7-20-25" ипотекасының мерзімі 2029 жылға дейін ұзаруы мүмкін


Энергиямен қамтамасыз ету шарты ашық, келісімді, ақылы, өзара болып табылады. Егер көпқабатты тұрғын үйде электр жарығы үнемі ескертусіз сөніп тұрса не істеу керек?

Біріншіден, мән-жайды анықтау үшін энергиямен жабдықтаушы ұйымға өтінішпен жүгіну қажет. Егер электр жарығын өшіру энергиямен жабдықтаушы ұйымның кінәсінен орын алса, тұтынушы Азаматтық кодекстің 491-бабына сәйкес залалды өтеу туралы талап қоюға құқылы.

Ұқсас ереже жылу энергиясын, газды, суды, мұнай өнімдерін және т.б. өнімдерді жеткізуге арналған шарттарға қолданылады. Оларды біріктіретін басты нәрсе – бұл энергияны тасымалдайтын желі. Толығырақ ережелер аттас заңдарда, мысалы, "Электр энергетикасы туралы" заңда қарастырылған.

Әдетте, мұндай дау туындаған кезде оларды сотқа дейінгі сатыда тараптардың өтініші бойынша немесе медиация тәртібімен шешеді.

Мұндай қарым-қатынастағы тұтынушылар өздерінің негізгі міндеттерін, өздеріне тиесілі есепке алу құралдарының техникалық жағдайын дұрыс ұстауды, сатып алу-сату шартында айқындалған энергияны тұтыну режимдерін сақтауды, тұтынылған энергияны уақтылы төлеуді және қажет болған жағдайда мемлекеттік бақылау қызметкерлеріне коммерциялық есепке алу құралдарын тексеруге рұқсат беру керек.


Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы жастар ипотекасының бюджетін арттыруды тапсырды


Осы саладағы тағы бір нәрсе – ол кондоминиум объектісін басқару формасы болып табылады. Бүгінгі таңда кондоминиум объектісін басқарудың үш негізгі формасы бар: меншік иелерінің қауымдастығы (МИҚ), жай серіктестік және пәтер иелері кооперативі (ПИК). Басқару формасын таңдау құқығы пәтер иелеріне тиесілі.

Нәтижесінде таңдалған ұйым тұрғын үй қатынастары туралы ережелерді сақтауға міндетті.

Мысалы, ғимараттарды техникалық эксплуатациясын ұйымдастыру жұмыстарына құрылыс категориясының ерекше белгілерінен, бөлшектердің, конструкциялардың және жабдықтардың беріктігінен туындайтын техникалық нормалар мен ережелерді сақтау кіреді, сонымен қатар жүйелі профилактикалық тексерулер жүргізу және ағымдағы профилактикалық және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуден тұрады. МИҚ өз мүшелерінің мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Алайда тұрғындардың арасында мұндай басқаруға қабілетті пәтер иелері әрдайым бола бермейді.

"Мен бұл жүйеге 2015 жылы үңіліп, оның қаншалықты қиын екенін түсіне бастадым. Үйлер жылыту маусымына дайын. Бірақ іс жүзінде тұрғын үй қорының тозығы жеткен, үйлер мен коммуникациялар ескірген. Осының бәріне ақаулы құрылыс және құрылыс жобасындағы үлкен ауытқулар әсер етеді. Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін компаниялар мән-жайды білмей жұмыс істейді, өйткені құрылыс салушылар жобаларын қолға бермейді. ОСИ және жай серіктестіктер енгізілген кезде мен жұмыс тобының мүшесі ретінде 2019 жылдың басында бұл түзетулерде көптеген ауытқулар болғанын айтқанмын, ал кейінірек Мемлекет басшысы бұл реформа мерзімінен бұрын және қате болғанын атап өтті", – деп айтты "Nurgain" Астана қаласының тұрғын үй қорын басқаратын және оған қызмет көрсететін тұлғалар қауымдастығының президенті, Мәжілістің "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңы бойынша жұмыс тобының мүшесі Жамал Доржығұлова.

Естеріңізге сала кетейік, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңның 6-1 бабына сәйкес, егер сіз өз құқығыңыз бұзылды деп есептесеңіз, онда тікелей кәсіпкерге, аймағыңыздың әкімдігіне, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне, сотқа немесе тараптардың келісімі бойынша тұтынушылардың қоғамдық бірлестігіне, медиаторға немесе арбитраждың көмегіне жүгіне аласыз


Оқи отырыңыз: Жастарға арналған бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді


Биыл Үкімет Парламентке тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жаңа редакциядағы халықты қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін заң жобасын енгізді.

Мәселен, заң жобасымен ұсынылып отырған жаңашылдықтың бірі – тұтынушының құқықтарын немесе заңды мүдделерін бұзылған ситуацияны соттың немесе мемлекеттік органның араласуынсыз өз еркімен жою кәсіпкердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі болып табылады. Қазақстанда бұл тәжірибе 2010 жылға дейін болған, ал Ресей мен Беларусьте әлі күнге дейін бар.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары