Тікелей эфир

"7-20-25" ипотекасына балама бағдарлама ашыла ма? Министр жауабы

Марат Қарабаев бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін бастапқыда әр жыл үшін 600 млрд теңге сұралғанын айтты.

Мәжіліс кулуарында индустрия және инфрақұрылым министрі Марат Қарабаев "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасының перспективасы жайлы пікір білдірді. Оның айтуынша, қазір әлеуметтік маңызға ие үш ипотекалық бағдарлама бар. Олар: "7-20-25", "Шаңырақ" және "Бақытты отбасы".

Сәйкесінше, "7-20-25" ипотекасына балама бағдарлама әзірлеу мәселесі күн тәртібінде жоқ. Дегенмен, министр "7-20-25" ипотекасын жүзеге асыруға жыл сайын бөлінетін 100 млрд теңге бюджеттің жеткіліксіз екенін мойындады.

"Жеткіліксіз. Мен басында бұл бағдарламаға 600 млрд теңге бөлу керек деген едім. Бірақ, жылына 100 млрд теңге берілетін болып шешілді. Бюджеттің мүмкіндігі шектеусіз емес. Ақша бюджеттің мүмкіндігіне қарай бөлінеді", – деді министр.


Оқи отырыңыз: "Ұмай" ипотекасына өтініштер 10 мамырдан бастап қабылданады. Ол кімдерге тиімді?


 

Серіктестер жаңалықтары