Түркиядағы жер сілкінісі: Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанға қолдау білдірді

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Жер сілкінісінен 200-ден астам адам зардап шекті. Қайтыс болғандар жоқ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға Ыстанбұл маңында болған жер сілкінісіне байланысты қолдау білдірді, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға Мәрмар теңізі мен Ыстанбұл шаһары аумағында орын алған жер сілкінісіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, қолдау сөзін жолдады. 

"Сан ғасырлық достық пен бауырластығымызға және елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікке сүйене отырып, біз түрік халқына әрдайым қолдау көрсетіп, барынша көмек беруге дайын екенімізді растаймыз", – делінген Қазақстан президентінің жеделхатында.


Оқи отырыңыз: Ыстанбұлдағы жер сілкінісінен 151 адам зардап шекті


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз