Прямой эфир Новости спорта

"Тұрақты". Fitch сарапшылары Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Бұл – соңғы 11 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингінің "BBB" деңгейінде екенін растады, болжам – "Тұрақты", деп хабарлады Үкімет басшысының ресми сайты.

"Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар – сыртқы сілкіністерге өзінің орнықтылығын дәлелдеген тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары. Агенттік есебінде активтердің едәуір қорлары бюджеттік қаржыландырудың икемділігін және елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететіні атап көрсетілген", – деп жазылған ақпаратта.

Сарапшылар қазіргі шоттың профициті 3,4% пайызға жақсарғаннан кейін 2024 жылға дейін сақталады деп отыр.  Бұл – соңғы 11 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Олардың пікірінше, бұл Қазақстанның сыртқы балансын одан әрі нығайтуға ықпал етпек.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда банктерге тойға несие беруге тыйым салына ма?


Жалпы Fitch Қазақстан экономикасы 2023 жылы 4,5 пайызға дейін және 2024 жылы 4,8 пайызға дейін өседі деп болжап отыр.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары