Тікелей эфир

Төтенше жағдай кезінде көз жұмған әскер қызметкерлерінің отбасына 5 жылдық қызметақысы төленеді

Міндетін атқару барысында көз жұмған қызметкердің отбасына жерлеу үшін 3 айлық өтемақы беріледі.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев арнайы бөліністердің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін Үкімет резервінен қаржы бөлінгенін мәлімдеді. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткен қызметкерлерге ақшалай сыйақы мен бағалы сыйлықтар беріледі. 

"Отанды сүю, қызметтік міндетке адал болуға тәрбиелеу бойынша іс-шаралар жоспары бар. Қиындыққа шыдау, төзімділік бойынша арнайы тренигтер ұйымдастырылды. Ынталандыру, қызметкерлердің еңбегін бағалау тұрақты жүзеге асырылады. Мысалы, төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткен қызметкерлерге 150 мың теңге, курсанттар мен әскерилерге бағалы сыйлықтар берілді. Жалпы, жеке құрам қауіпсіздікті қамтамасыз етуге толық дайын", – деді Ерлан Тұрғымбаев.


Оқи отырыңыз: Ерлан Қарин: Қаңтар оқиғаларына біржақты "террорлық шабуыл" деген баға берілуі керек


Әрі қарай дипломатиялық өкілдіктер, инвестиция субъектілерін және шетел компанияларының бизнесін қорғау бойынша шаралар қабылдау жоспарланып отырғанын айтты. Осы орайда, аса маңызды мемлекеттік объектілердің күзеті күшейтілген.

"Дипломатиялық миссиялардың ғимараттарына қосымша қарулы бекеттер қойылды. Мамандандырылған күзет қызметімен 73 дипломатиялық миссия күзетіледі. Қайтыс болған әскери қызметкерлердің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына біржолғы өтемақы төлеу мәселесі қарастырылып жатыр. Жақында қаңтарда террористер қолынан полиция мен ұлттық ұланның 8 қызметкері көз жұмды, 2 911-і – жарақат алды", – деді Ерлан Тұрғымбаев. 

Ерлікпен қаза болғандар 2-ші және 3-ші дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Ішкі істер министрінің айтуынша, олардың отбасына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Одан бөлек, заң бойынша қызмет міндетін атқару барысында көз жұмған қызметкердің отбасына 5 жылдық қызметтік қаржысы және жерлеу үшін 3 айлық өтемақы төленеді.
 

Серіктестер жаңалықтары