Президенттің сөзінше, бір жылдан кейін бұл бастама арқылы қазақстандықтар Ұлттық қордағы ахуалды жіті қадағалайтын болады.
Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық қордың инвестициялық кірісі өзге елдердің мұндай қорларымен салыстырғанда әлдеқайда төмен екенін айтты.
"Келесі мәселе – бюджет саясаты. Үкімет бюджеттің тұрақты болуын қамтамасыз етуі керек. Ұлттық қордың трансфертіне тәуелділіктен біртіндеп құтылуымыз қажет. Бір жылдан кейін Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысын балалардың есепшотына аудара бастаймыз. Сол кезде барша азаматтар Ұлттық қордағы ахуалды жіті қадағалайтын болады. "Әрбір азамат – ұлттық байлықтың иесі" деген сөз жай ұран емес. Бұл нағыз халықтық, қоғамдық бақылаудың басталғанын білдіреді. Үкімет те, Ұлттық банк те мұны жете түсінуі керек", – деді президент.
Мемлекет басшысы үкімет мүшелеріне алдағы 7 жылда Ұлттық қордың активтері 100 миллиард долларға жетуге тиіс екенін еске салды.
"Сондықтан ақшаны азырақ жұмсап, көбірек табыс табу керек. Қазір бұл мәселеде олқылықтар бар. Ұлттық қордың инвестициялық кірісі өзге елдердің мұндай қорларымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ұлттық қордың жылдық табысы соңғы 10 жылда 1,6 пайыз болды. Сингапурдағы осындай қор – 6,4, ал Норвегияның қоры 7,5 пайыз табыс тапқан. Демек, біздегі қорды басқару міндетін атқаратын органның жұмысы айтарлықтай тиімді деп айтуға болмайды. Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесіп, Ұлттық қорды басқару ісін жетілдіру туралы ұсыныс енгізуді тапсырамын. Онда мен айтып өткен кемшіліктер түгел ескерілуге тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Салауат Мүксімов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
-
459
-
0
-
2
-
-
2Бүгін жеңілдетілген 4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталады 🚗
-
465
-
2
-
1
-
-
3Түркияда жер сілкінді, бірнеше қаласында ғимараттар қирады
-
418
-
0
-
2
-
-
4Жеңілдетілген автонесие бойынша өтінім қабылдау аяқталды ма?😢
-
409
-
1
-
2
-
-
5ҰБТ-2023: Жаңа формат қандай?
-
408
-
0
-
2
-
-
6Тоқаев Екібастұздағы пәтерлер мен әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажет шараны қабылдауды тапсырды
-
363
-
1
-
3
-
-
7autonesie.kz сайтына алғашқы бір минутта 125 мың адам кірген
-
384
-
4
-
4
-
-
8👨👩👦 Қазақстанда ата мен әженің немересімен араласу құқығы заңмен бекітілмек
-
361
-
0
-
5
-
-
9Тоқаев Түркия президенті Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
-
333
-
4
-
3
-
-
10Абай облысында жолаушылардың толық шыққанын күтпей, жүріп кеткен автобус жүргізушісі айыппұл төлейді
-
320
-
0
-
3
-