USD: 485.1 / 487.7
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.93 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Тоқаев су басқан өңір әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті

Аймақ басшылары президентке табиғи апатпен күресу үшін адам күші де, техника да жеткілікті екенін айтып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Аталған облыстардың әкімдері Президентке өңірлердегі ахуал жайында, табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.

Аймақ басшылары жалпы жағдай жіті бақылауда және табиғи апатпен күресу үшін адам күші де, техника да жеткілікті екенін айтып отыр.

"Президенттің тапсырмасымен республикалық штабқа жетекшілік ететін премьер-министр Олжас Бектенов бастаған үкімет мүшелері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілген болатын. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың керек-жарағын шешу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр", – деп хабарлады Ақорда.

Еске салсақ, наурыз айының аяғынан бері Қазақстанның бірнеше өңірін су басып жатыр. 7 сәуір күні Атырау облысындағы Құлсары қаласында суға кеткен екі ер адамның денесі табылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз