Тоқаев Сьерра-Леоне президентінің арнаулы өкілін қабылдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Тоқаев Қазақстанның Африка елдерімен ықпалдастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сьерра-Леоне президентінің арнаулы өкілін қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сьерра-Леоне президентінің арнаулы өкілі – сыртқы істер министрі Тимоти Муса Кабба екі ел ынтымақтастығының перспективасын талқылады.

Президент Қазақстанның Африка елдерімен ықпалдастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті.

Тимоти Муса Кабба арнайы қабылдағаны үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, Сьерра-Леоне президенті Джулиус Мааданың сәлемін жеткізді.

Әңгімелесу барысында екіжақты қатынастарды дамыту, түрлі саладағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қарастырылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау