Президенттің сөзінше, мемлекеттік басқару саласына кешенді реформа қажет.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет кез келген қазақстандық үшін ашық болуы тиіс екенін мәлімдеп, кадрларды іріктеу талаптарын жетілдіруды тапсырды.
"Мемлекеттік басқару саласына да кешенді реформа қажет. Кадрлық әлеуеттің төмендігі, жемқорлық, ресмилік және кадрлардың тұрақтамауы секілді мәселелердің барын мойындау керек. Сондықтан да халықтың мемлекеттік басқару мен билікке деген сенімі төмен. Осы орайда кадрларды мемлекеттік қызметке алу талаптарын жетілдіру қажет. Оған қоса қызметке алу талабының артық, керек емес тұстарын алып тастау керек", – деді Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.
Президент меритократия мемлекеттік қызметке алу мен көтерілудің нақты принциптеріне айналуы керек екенін атап өтті. Бұл қызмет кез келген қазақстандық үшін ашық болғаны жөн.
"Мемлекеттік қызметтен кету тәртібін жеңілдету керек. Кейбір шенеуніктер кабинетінде жылдар бойы отырады. Олар келешегі зор жас мамандардың өсуіне жол бермей, мемлекеттік аппараттың тиімділігін төмендетеді. Ондай шенеуніктермен оңай қоштасу керек. Дегенмен мемлекеттік басқару саласында шенеуніктің институционалдық жады да маңызды. Бір күнде бүкіл шенеунікті алып тастап, оларды жастарға ауыстыруға да болмайды. Бұл жерде орынды шешім қажет. Егер 60 жастағы шенеунік өз қызметін ойдағыдай атқарып, мемлекетке пайдасын тигізіп отырса ондай маманды ешбір жағдайда жұмыстан шығаруға болмайды", – деді ҚР президенті.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🗓️Бүгін, 29 қыркүйек тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады
-
289
-
0
-
4
-
-
2🥉🇰🇿Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін иеленді
-
293
-
1
-
6
-
-
3📲 103 500 теңге айыппұл: Қазақстанға iPhone 15 телефондарын әкелген адам ұсталды
-
236
-
0
-
0
-
-
4🥉 Азиада-2023: астаналық спортшы екі дүркін қола жүлдегер атанды
-
219
-
0
-
0
-
-
5🛍 Астанада Қостанай мен Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
-
209
-
0
-
0
-
-
6🛍"50-60 мың теңгеге артық": ЖОО оқытушыларының еңбекақысы қанша пайыз өсті?
-
214
-
0
-
0
-
-
7🏝 Ақтауда Каспий жағасында егеуқұйрықтар қаптады
-
215
-
0
-
1
-