Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының тұсында халықаралық деңгейдегі бай адамдардың тобы пайда болғанын айтты.
"Тұңғыш Президент – Елбасының арқасында елде өте табысы компаниялар мен халықаралық деңгейдегі бай адамдардың тобы пайда болды. Қазақстан халқына тиесіліні халыққа беретін және оған жүйелі және негізді түрде түрде көмектесетін уақыт келді деп ойлаймын. Сол себепті үкімет тиісті компанияларды анықтап, олардың "Қазақстан халқына" қорына жыл сайын аударатын салым көлемін анықтауға тиіс. Сонымен қатар, шын мәнінде қомақты қаражаты бар, көлеңкеде жүрген адамдардан белсенділік күтемін" деді Президент.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы үкіметке Қазақстан даму банкінің қызметін қайта құруды тапсырды.