Құрылыс компаниясының басшысы марқұмның отбасына бір бөлмелі пәтер кілтін табыстауға уәде етті.
Шымкентте көпқабатты құрылыстың алтыншы қабатынан құлаған Дінмұқан Ақылбаев тілге келместен көз жұмды. 38 жастағы ол кранның тіреуіштерін орнатушы болып жұмыс істеген. Марқұмның туыстары құрылыс компаниясының басшылығы жарылқаудың орнына енді сес көрсетіп отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Дінмұқан Ақылбаевтың анасы Бекзада Сексенбаеваның айтуынша, сес көрсетіп отырған кломпания басшысының ұлы екен.
"Ол: "Жұмысым жоқ. Баратын жерлеріңе барыңдар. Менің әкеме не істейді? Оны соттамайды" деп бізді шығарып салды", – дейді Бекзада Сексенбаева.
"Есік алдында тауық өлсе де, "неге өлді?" деп сұраймыз ғой. Сонда менің ағамды тауық құрлы көрмеді ме?", – дейді Дінмұқан Ақылбаевтың қарындасы Бақыт Ақылбаева.
Құрылыс компаниясының басшысы тек арнаның түсірілім тобы келгеннен кейін ғана марқұмның үйіне келді. Ол ұлының артық сөзі үшін де, қайғылы жағдай үшін де кешірім сұрап, мәселені келісіп шешуді ұсынды.
"Қылмыстық іс қозғалды, оны ешкім жапқан жоқ. Іс қозғалғаннан кейін қазір тергеу жүріп жатыр. Енді сәл сабыр қылсаңыздар. Мен "Арба сынбайтын, ат өлмейтін" жолмен шешуді қалаймын", – дейді құрылыс компаниясының басшысы Нұрпейіс Анарбеков.
Ол қауіпсіздік шаралары мен басқа да заңсыздық жайлы сөз қозғамай, оны құзырлы орындарға қалдыруды ұсынды. Марқұмның жары мен жетім қалған төрт баласына бір бөлмелі пәтердің кілтін бірер күнде табыстауға уәде берді. Ал еңбек инспекциясы мамандары тергеудің құжаттарын толық алған соң, тексеру жүргізуге мүмкіндік болатынын айтты. Қайтыс болған Дінмұқан Ақылбаев келісімшартпен, бұйрықпен жұмыс істеген болса, тексеру тағайындалады. Сөз жүзінде жұмысқа тұрса, екі жақты дау тек сот тәртібімен шешілмек.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-