USD: 467.9 / 470.5
  • EUR: 534.5 / 539.5
  • RUB: 5.79 / 5.91
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Пойызда шетелдік туриске тиіскен ер адамға 86 500 теңге айыппұл салынды

Фото: РИА Новости
Фото: РИА Новости
Шетелдік туристің шағымынан кейін полиция ер адамды жауапқа тартты.

Ақтау – Шымкент бағытындағы пойызда шетелдік туриске жөнсіз тиіскен Маңғыстау облысының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Lada.kz. 

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 8 шілде күні Ақтау қаласының Мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

"Сот шешімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 86 500 теңге айыппұл салынды. Іске негіз болған оқиға шетелдік туристің әлеуметтік желідегі видеосынан кейін белгілі болды. Саяхатшы Қазақстандағы 40 сағаттық пойыз сапары туралы әсерімен бөлісіп, жол бойы бір жолаушының өзін бірнеше рет орынсыз әзілдеп мазалағанын айтқан", – делінген хабарламада.

Туристің сөзінше, әлгі азамат оны рұқсатынсыз ұялы телефонға түсіріп, жергілікті тілде балағат сөздер айтқан.

Бейнежазба жарияланғаннан кейін көліктегі полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтап, жиналған материалдарды сотқа жолдаған.

Сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп танып, әкімшілік жаза тағайындады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау