USD: 474.9 / 477.9
  • EUR: 542.0 / 547.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты әуе тасымалына деген сұраныс 2,2 пайызға азайды – IATA

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Мамырда әлемде әуе жолаушыларының саны азайып, жүк тасымалы өскен.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы 2026 жылдың мамырдағы әлемдік әуе тасымалы нарығының қорытындыларын жариялады. Есепке сәйкес, жолаушылар тасымалына сұраныс төмендесе, жүк тасымалы керісінше өсім көрсетті.

2026 жылдың мамырында әлемдік жолаушылар тасымалына жалпы сұраныс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға азайды. Алайда Таяу Шығыс өңірінің көрсеткіштері есепке алынбаған жағдайда сұраныс 0,7 пайызға артқан. Сонымен қатар ұсынылатын орын сыйымдылығы 2,3 пайызға қысқарды, ал жолаушылар орындарының жүктелу деңгейі мамыр айы үшін рекордтық көрсеткішке – 83,5 пайызға жетті.

Есепке сәйкес, халықаралық әуе тасымалы 1,6 пайызға, ал ішкі рейстерге сұраныс 3,1 пайызға төмендеген.

IATA мәліметінше, әлемдік нарыққа негізгі қысымды Таяу Шығыстағы қақтығыс көрсетіп отыр. Өңір авиакомпанияларында жолаушылар сұранысы 28,8 пайызға азайған. Дегенмен сәуір айымен салыстырғанда төмендеу қарқыны екі есеге жуық баяулаған.

Еуропа мен Азия арасындағы тікелей әуе рейстеріне сұраныс 15 пайызға өсіп, жолаушылар ағынының Таяу Шығысты айналып өтетін бағыттарға қайта бөлініп жатқанын көрсетті. IATA бас директоры Уилли Уолш қазіргі таңда авиаотын бағасының жоғары болуы авиакомпанияларға қысым көрсетіп отырғанын, соған қарамастан нарықтың тұрақтылығы сақталып, әуе компаниялары өзгерген жағдайларға бейімделіп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар мамыр айында әуе жүк тасымалының жаһандық нарығы оң өсім көрсетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жүк тасымалына сұраныс 6 пайызға, ал халықаралық бағыттарда 6,5 пайызға артты. Ұсынылатын жүк сыйымдылығы 1,9 пайызға ұлғайды.

Уилли Уолштың айтуынша, мамыр айының нәтижелері әуе жүк тасымалы нарығының тұрақтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Оның пікірінше, әлемдік сауда мен өнеркәсіп өндірісінің өсуі сұранысты қолдап отыр, ал авиакомпаниялар геосаяси тәуекелдерге қарамастан жаңа жағдайларға бейімделуді жалғастыруда.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау