USD: 483.7 / 486.7
  • EUR: 558.5 / 563.5
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Жаһандық авиация форумы: IATA-ның 2027 жылғы жиыны Қытайда өтеді

Фото: IATA
Фото: IATA
Сямэнь халықаралық жиынға дайындалып жатыр.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) 2027 жылғы 83-ші жыл сайынғы Бас ассамблеясы мен Дүниежүзілік әуе көлігі саммиті Қытайдың Сямэнь қаласында өтетінін жариялады. Іс-шара 2027 жылғы 30 мамыр мен 1 маусым аралығында ұйымдастырылады. Форумды қытайлық Xiamen Airlines әуе компаниясы қабылдайды.

IATA бас директоры Уилли Уолш Қытайдың жаһандық авиация саласындағы рөлі жылдан-жылға артып келе жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, Қытай әлемдегі жолаушылар тасымалы көлемі бойынша жетекші елдердің бірі саналады. Сонымен қатар ел авиация саласына цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізуде алдыңғы қатарда келеді.

"Бас ассамблеяны Қытайда өткізу әлемдік авиация саласының көшбасшыларына елдің авиациялық нарығының қарқынды дамуын өз көздерімен көруге мүмкіндік береді", – деді Уилли Уолш.

2027 жылғы Бас ассамблеяны Қытайда өткізу туралы шешім биыл Рио-де-Жанейро қаласында өткен IATA-ның 82-ші Бас ассамблеясында қабылданды.

Айта кетейік, Қытай IATA Бас ассамблеясын үшінші рет қабылдағалы отыр. Бұған дейін әлемдік авиация көшбасшыларының жиыны Шанхай қаласында 2002 жылы және Бейжің қаласында 2012 жылы өткен болатын. Ал Сямэнь бұл мәртебеге алғаш рет ие болып отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз