Таяу Шығысқа рейстер уақытша тоқтатылды. Air Astana 735 жолаушыны қонақүйге орналастырды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Барлық жолаушыға бір тәулік тегін тұру мүмкіндігі қарастырылған.

Таяу Шығыс бағыттарына рейстердің уақытша тоқтатылуына байланысты Air Astana компаниялар тобы өңірде қалып қойған жолаушыларға қолдау көрсету шараларын жүзеге асырды.

Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, қонақүйлерге уақытша орналастырылған жолаушылар саны мынадай:

  • Доха — 174 жолаушы;
  • Дели — 231 жолаушы (Алматы — Дубай рейсі);
  • Дубай — 330 жолаушы.

Форс-мажор жағдайына қарамастан, барлық жолаушыға бір тәулік тегін тұру мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар Дубайдағы Flora Al Barsha және Flora Creek қонақүйлерінде тегін тұру мерзімі аяқталғаннан кейін Air Astana жолаушылары үшін арнайы тарифтер ұсынылады.

Қонақүйде тұру мәселесі немесе репатриациялық және құқықтық сұрақтар туындаған жағдайда, жолаушыларға Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің жедел байланыс желілеріне хабарласу ұсынылады.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты "жедел желі" нөмірлерін ұсынған болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз