Ирандағы қазақстандықтарға ескерту: СІМ шұғыл мәлімдеме жасады

Фото: Сыртқы істер министрлігі
Фото: Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Ираннан шығу жолдарын түсіндірді.

Таяу Шығыс өңіріндегі геосаяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын барынша күшейту қажеттігін ескертті.

Министрлік уақытша немесе тұрақты негізде Иранда жүрген отандастарды төмендегі ұсынымдарды қатаң сақтауға шақырды: адам көп жиналатын орындарға бармау, бұқаралық іс-шараларға қатыспау, жергілікті биліктің ресми хабарламаларын тұрақты бақылау, қажетсіз сапарларды шектеу, жеке құжаттарды өзімен бірге алып жүру және төтенше жағдайларға дайын болу. Сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктермен тұрақты байланыста болу ұсынылды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желілерін іске қосты.

Тегеран қаласындағы Елшілік:
+98 21 2256 5933
+98 936 208 4672 (WhatsApp)

Горган қаласындағы Бас консулдық:
+98 912 298 0350
+98 173 252 0443
+7 701 771 34 01 (WhatsApp)

Бендер-Аббас қаласындағы Консулдық:
+98 930 298 57 03 (WhatsApp)

Азаматтар осы байланыс арналары арқылы консулдық көмекке жүгініп, өздерінің орналасқан жері мен жағдайы туралы хабарлай алады.

Сондай-ақ Иран Ислам Республикасының әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты Ираннан шығу мәселесін Иран–Әзербайжан, Иран–Армения, Иран–Түркия және Иран–Түрікменстан арасындағы құрлық шекаралары арқылы пысықтау ұсынылды. Бұл үшін жоғарыда аталған дипломатиялық өкілдіктермен байланысқа шығу қажет.

Министрлік азаматтарды сабыр сақтауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз