Тікелей эфир

Шымкентте қарлы жолда дрифт жасағандар жауапқа тартылды

Mercedes-Benz және Priora көлігін тізгіндеушілердің орындауындағы сырғанау көшедегі бейнебақылау камераларына түскен.

Көлікпен сырғанауданаудың салдарының алдын алу үшін ЖБО кезекшілері оқиға орнына тез арада патрульдік полицейлерді бағыттады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Қос көлік тізгінінде Түркістан облысының 35 және 26 жастағы тұрғындары болып шықты. Қарлы жолдағы қауіпті айдау үшін ер адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Құқық қорғаушылар ескертеді: қысқы ауа райы жүргізушілерден аса мұқият болуды талап етеді, ал көлік құралын агрессивті жүргізу апат қаупін арттырады. Тек жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау жолда болуы мүмкін қауіптен қорғайды", – деп жазылған хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары