Шымкент әуежайында FlyArystan әуе компаниясының ұшағы ұшу-қону жолағында итті қағып кетті. Бұл ақпаратты әуе компаниясының баспасөз қызметі растады.
Оқиға 15 сәуір күні FS7105 рейсі, Алматы қаласынан ұшып келген рейстің қонуынан кейін болған.
Компания мәліметінше, соқтығыс салдарынан әуе кемесінің кейбір бөлшектері зақымданған. Қазіргі уақытта ауыстырылуға тиіс бөлшектер Алматыдан жеткізіліп жатыр.
Көліктегі полиция департаменті оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіп, барлық мән-жайды анықтап жатыр. Иттің өлген-өлмегені әзірге белгісіз.
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17