USD: 487.9 / 490.5
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.57 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Шығармашылық емтиханға өтініш қабылдау басталды

Емтихандардың өзі 7 шілде мен 15 тамыз аралығында өтеді.

Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер шығармашылық емтиханға қатысу үшін 20 маусым – 10 тамыз аралығында жоғары оқу орындарына өтініш бере алады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Емтихандардың өзі 7 шілде мен 15 тамыз аралығында өтеді. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері шығармашылық емтиханды ҰБТ-дан кейін тапсырады.

Емтихандар дәстүрлі форматта, яғни офлайн болады.

Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер грант конкурсына қатысу үшін тек бір мамандық пен бір жоғары оқу орнын таңдай алады. Ал ақылы негізде түсу үшін басқа ЖОО-да тапсырған емтихан нәтижесін қолдануға болады.

Бес пән бойынша ҰБТ тапсырған талапкерлер (Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы балдарын алып) шығармашылық дайындықты талап ететін бір білім беру тобын таңдай алады.

Қосымша сұрақтар бойынша жоғары оқу орындарына хабарласу қажет. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз