USD: 477.3 / 479.9
  • EUR: 544.5 / 549.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

"STOP бұзушылық": Алматыда арнайы полиция операциясы жүріп жатыр

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Алматыға өңірлерден полиция күштері тартылды.

Алматы қаласында 1–10 сәуір аралығында өтетін "STOP бұзушылық" жедел-профилактикалық іс-шарасының басталуына орай полицияның кешенді және қосымша күштерінің бірыңғай гарнизондық саптық жиыны өтті, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Іс-шараға Астана қаласынан, Ақмола облысы, Қарағанды облысы және Жамбыл облысы өңірлерінен келген қосымша күштер тартылды. Күшейту шаралары құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін арттыруға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және мегаполистегі жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

Алматы қаласы полиция департаменті бастығы Айдын Кабдулдинов барлық бөлімшенің үйлесімді іс-қимылы мен заңдылықты қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

"Полицияның әрбір әрекеті заңды, ашық әрі кәсіби болуға тиіс. Негізгі міндет – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті сақтау", – деді Айдын Кабулдинов.

Операция барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, арандатушылықтардың жолын кесу және қоғамдық тәртіпті бұзудың кез келген деректеріне жедел әрекет етуге ерекше назар аударылады.

"Гарнизондық саптық жиын тартылған барлық күштердің үйлесімділігін қамтамасыз етуде, тәртіпті нығайтуда және күшейтілген қызмет жағдайында қойылған міндеттерді орындауға дайындықты арттыруда маңызды кезең болды. "STOP бұзушылық" іс-шарасы криминогендік ахуалды тұрақтандыруға, жол қауіпсіздігін күшейтуге, құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге және қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау