Тікелей эфир

ШҚО-да ауылға қасқыр шауып, мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды

Жыртқыш жергілікті тұрғынды тістеп, екі итті өлтірген.

Шығыс Қазақстан облысындағы мектептердің бірінде қасқыр шабуына байланысты оқушыларға арналған офлайн сабақ бір күнге тоқтатылды, деп хабарлайды Алтай өңірі әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жыртқыш үйге құлыпсыз тұрған кіре беріс бөлме арқылы кірген. Оқиға 28 сәуірде Быково ауылында болған.

"Үй иесі оны қуып жібермек болған, бірақ қасқыр оған шабуылдай бастаған. Ол үйдің аумағында жұмыс істеп жатқан адамды тістеп алған. Осыдан кейін қасқыр екі итті өлтіріп, қашып кеткен. Кейін Быково ауылының тұрғындары өз бетінше жиналып, қасқырдың ізіне түсіп, өлтірген. Ол жалғыз емес деп қауіптеніп, 29 сәуірде Төменгі Быково шағын ауданындағы мектепте оқитын 10 оқушы қашықтықтан оқыту форматына көшірілді", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қарқаралыда екі әйелді тістеген қасқырды іздеп жатыр


Зардап шеккен тұрғыннан және жыртқыштың өлексесінен сынамалар алынып, сараптамаға жіберілді.

Серіктестер жаңалықтары