Тікелей эфир

Спорт редакторларына арналған шеберлік сағаты өтті

BSRussia жағалау футболы туралы ақпараттық қордың бас редакторы Артем Загуменнов спорт жаңалықтарына аудитория тарту жолын әңгімеледі.

Жаңа Huawei Watch GT 3 смарт сағатының онлайн таныстырылымы аясында спорт редакцияларын дамыту және көпшілік қауым назарын спорт жаңалықтарына аудару турасында шеберлік сағаты өтті.

Қазақстанның медиа нарығында спорттық жаңалықтарды жарыққа шығарумен айналысатын бірнеше ғана онлайн және баспа қорлары бар. Дегенмен, қоғамдық-саяси басылымдардың көпшілігінде спорт тақырыбына арналған бөлімдері жұмыс істейді. Lenta.ru және Gazeta.ru "Спорт" бөлімінің бұрынғы басшысы, қазіргі уақытта BSRussia жағалау футболы туралы ақпараттық қордың бас редакторы Артем Загуменнов осындай редакцияларды құру және дамыту, спорт жаңалықтарына аудиторияны тарту жолдарымен бөлісті.

BSRussia жағалау футболы туралы ақпараттық қордың бас редакторы Артем Загуменнов

Ол өз сөзінде редакторлар үшін Data Driven әдісінің маңыздылығын және медиаталдаудың маңыздылығын баса айтты.

"Қызықты дерек қосып, оны тақырыпқа шығаратын болсақ, әрбір жаңалықты тартымды етуге болады", – деді Артем Загуменнов.

Сонымен қатар, ол спортшылардың цитаталары бар жаңалықтарды және спортшылармен сұхбаттарды жазғанда әдептілікке көп мән беру керектігін ескертті:

"Егер адамға зиян әкелетін болса, толқып тұрып, сезімге салына айтқан сөздерді басып шығарамын деп бір сәттік атақтың артынан ерудің жөн. Спорт Артем Загуменнов адреналин, кейде ақылға бой бермейтін жарқын эмоция".


Оқи отырыңыз: Қазақстанда мектептің спорт залын қалай және қаншаға жалға алуға болады? 


Редакцияның, әсіресе, онлайн-редакцияның жұмысы тәулік бойы жүргізіліп отыруы тиіс, бұл жұмыс материалдарды сайтқа шығарумен ғана шектелмейді, мұнда Telegram және өзге әлеуметтік желілердегі жаңа ақпараттарға мониторинг жасалып отыру керек. Спикердің пікіріне сүйенетін болсақ, бүгінгі таңда Telegram кез келген салада көкейкесті ақпарат алғаш болып жарияланатын әлеуметтік желі болып табылады:

"Сізге материалды беттеуге, мәтінді бекітуге, бильд-редактордың қажетті суретті табуына көп уақыт жұмсау қажет емес. Сіз ақпаратты осы уақытта осы жерде жариялай бересіз".

Осы ретте Артем сыни ойлай білу және ақпаратты тексерудің маңыздылығын атап өтті, себебі түрлі инсайдерлердің Telegram арналарының танымалдығы артқан сайын жалған ақпарат саны да арта түсті.

Huawei компаниясы спортпен айналысуға арналған ақылды құрылғылардың өндірісі бойынша әлемдегі көшбасшы бола отырып, салауатты өмір салтының маңыздылығын анық түсінеді және өзінің ғаламдық міндеттерінің бірі – адамның физикалық күйін барынша бақылауды қамтамасыз ету және ол көрсеткіштерді жақсарту деп біледі.

Өткен шара аясында компания дизайны жетілдірілген және автономдылығы 2 аптаға дейін ұзартылған жаңа HUAWEI WATCH GT 3 ақылды сағатын ұсынды, бұл сағат денсаулық жағдайын және спорттық жетістіктерді күн сайын асқан дәлдікпен бақылауға қабілетті.

Бұл сағат 100-ден астам жаттығу режимін, оның ішінде 18 кәсіпқой режимді, таза ауадағы жаттығудың 12 түрін (жүгіру, жүру, тауға өрмелеу, саяхаттау, ойлы-қырлы жерде жүгіру, велосипедпен жүру, ашық суда жүзу, триатлон, шаңғы тебу, сноуборд, жүгіру шаңғысы және гольф) және  үй-жайда жасалатын алты түрлі жаттығуды (жүру, жүгіру, велосипедпен жүру, бассейнде жүзу, еркін жаттығу, эллипстік жаттықтырғыш және ескекті жаттықтырғыш) ұсынады.

HUAWEI WATCH GT 3

"Жүгіру бойынша ақылды жаттықтырушы" қызметі апта сайынғы жаттығу жоспарын орындау барысында жаттығулар режимін түзетіп отыруға және пайдаланушы ағзасының спорттық белсенділікке деген көрсеткіштерін ұдайы бақылап отыруға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл сағат тамыр соғуының жиілігі, қарқыны және өзге көрсеткіштер туралы деректер негізінде жүгіріп жаттығудың өнімділігін көрсететін "Жүгіру индексін" (RAI) қадағалап отыруға қабілетті.


Оқи отырыңыз: Huawei ақылды сағаты және WhatsApp лайфхактары. Технология әлеміндегі жаңалықтар


Жаңа сағат Қазақстанда сатылымға шықты. Қазақстанда сағат үш түрлі түсте ұсынылады:  "қара" (спорттық нұсқа 46мм және 42мм), "қоңыр" (классикалық нұсқа 46 мм), "ақ" (классикалық нұсқа 42 мм). Huawei WATCH GT 3 сағатының 46 мм нұсқасының ұсынылатын бөлшек сауда бағасы 129 990 теңгені құрайды, 42 мм нұсқасындағы сағат бағасы 119 990 теңгені құрамақ.

Сағатты 24 желтоқсаннан бастап 4 қаңтарға дейін сатып алғанда HUAWEI FreeBuds 4i құлаққабы сыйлыққа беріледі.

Серіктестер жаңалықтары